» » ЕҢБЕГІ ЕЛЕНБЕЙТІН ЕРЕН МАМАНДЫҚ

ЕҢБЕГІ ЕЛЕНБЕЙТІН ЕРЕН МАМАНДЫҚ

Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев атап өткен «Адал азамат» тұжырымдамасының бір тарауы еңбек адамынан басталады. Адал азамат дегеніміздің өзі – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам, яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қоятын жан.
йналғанда ғана шын мәнінде мағыналы еңбекке айналады. Осындай жандардың бірі – Сегізбай Әбілдаев. Ол алғашқы жылдары оператор, жазда көркейту жұмыстарын істейді. 2007 жылдан бері аудандық мәдениет үйінде көлік жүргізуші болып еңбек етіп келеді. Оның қарапайым ғана кәсібі – мәдениет пен өнердің үздіксіз қызмет етуіне, рухани шаралардың өз деңгейінде өтуіне ықпал етіп келе жатыр.
Кейіпкеріміздің еңбегі тынымсыз тіршілігін айғақтайды. Ол – сахнаның ар жағындағы үнсіз тірек, сырт көзге көрінбейтін, бірақ әрбір іс-шараның табысты өтуіне атсалысатын жан. Аудан ішіндегі мәдени іс-шаралардан бастап, алыс ауылдардағы концерттерге, мерекелік думандарға дейін уақытпен санаспай қызмет ететін Сегізбай Әбдірәсілұлы үнемі жол үстінде жүруге дайын болады.
Ол үшін көлік жүргізу – тек рөлге отыру емес, жауапкершілік жүгін арқалау. Өнерпаздарды діттеген жеріне уақытылы жеткізу, музыкалық аспаптар мен сахналық жабдықтарды аман-есен апару – үлкен мұқияттылықты, тәжірибені, тиянақтылықты талап етеді. Ауа райының қолайсыздығы, жолдың шалғайлығы, уақыттың тығыздығы – бұлардың ешқайсысы ол кісі үшін кедергі емес. Қайта сол дүниелер оның кәсібіне деген шынайы құрметін дәлелдей түседі.
Жай ғана жүргізуші емес, мәдениет жолындағы қажырлы еңбек иесі ретінде Сегізбай аға өз жұмысын жан-тәнімен атқарады. Оның бойындағы еңбекке деген сүйіспеншілік, тәртіп пен тиянақтылық – әріптестері мен айналасындағыларға үлгі. Көлік жүргізушісі ретінде ол тек техника тізгінін емес, үлкен сенім мен абыройды да арқалап келеді.
Сегізбай Әбдірәсілұлы ешқашан көзге түсуді, марапат пен мадақты мақсат тұтпаған. Оның басты жетістігі – тұрақтылығы мен жұмысына деген адалдығы.
Мемлекет басшысы «Біз құрып жатқан жаңа қоғамда еңбек адамы ең бірінші орында тұруы керек» деген ұстанымын қолдау мақсатында біз де жұмысшылардың тыныс-тіршілігіне үңілдік. Қарапайым азаматтар күнделікті өмірде көрсетіп жатқан іскерлік, еңбекқорлық қасиеттер шын мәнінде біздің отаншылдық рухымызды көтереді деген сенімдеміз.
Сегізбай Әбдірәсілұлы – қарапайым еңбек адамы. Оның жол үстіндегі әрбір сағаты мәдениетке, ел руханиятына қосқан үлесі десек артық айтқандық болмас. Мұндай жандардың еңбегі ескерусіз қалмауы тиіс. Себебі олар – сахнаның ар жағындағы шын батырлар.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
24 қыркүйек 2025 ж. 112 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

№72 (10440)

23 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 528
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 327

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031