» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҒАЛЫМ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚОЛЫНАН "ПАРАСАТ" ОРДЕНІН АЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҒАЛЫМ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚОЛЫНАН "ПАРАСАТ" ОРДЕНІН АЛДЫ


Мемлекет басшысы мұғалімдердің кәсіби мерекесі елімізде ерекше аталып өтетінін жеткізіп, ұстаздар қауымына зор құрмет көрсетілетінін айтты.

– Міржақып Дулатұлы «Халыққа ең пайдалы адам – мұғалім» деген. Мұғалім – әр азамат үшін өте қадірлі тұлға. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалім – әрбір балаға өмір жолын көрсетеді. Ұстаз – тәлім-тәрбие мен білімнің қайнар көзі. Кез келген қоғамның кемелдігі, өркениеттілігі ұстазға деген қатынасымен өлшенеді. Ұстазын ұлықтаған елдің ұрпағы саналы, болашағы жарқын болары хақ. Себебі әр мұғалімнің еңбегі – ерен, еліміздің дамуына қосқан үлесі – орасан. Сондықтан бүгін мен білім беру саласында еңбек етіп жүрген барша азаматқа шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Құрмет төрінен көрінген ұстаздардың қатарында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ұлжан Жанбершиева да бар.

Профессор 1983 жылдан бастап бүгінге дейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасында ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, профессор қызметтерін абырой атқарып келеді. Ғалымның 12 оқу-әдістемелік құралы, 2 монографиясы, 4 әдеби-зерттеу еңбегі мен 250-ден астам ғылыми мақаласы жарық көрген.

Саналы ғұмырын шәкірт тәрбиелеп, сапалы кадр дайындауға арнаған Ұлжан Нахатқызы «Қорқыт Ата атындағы Алтын медалімен», «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» және «ҚР-ның Ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

01 қазан 2025 ж. 324 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930