» » Дәріхана косметикасы

Дәріхана косметикасы

Арулар өзінің сұлулығын ұзаққа сақтау үшін косметикалық құралдардың түр-түріне талай ақша құртады. Бірақ көп жағдайда атаулары шулы теріні күтуге арналған брендтік заттарды қарапайым қол астындағы дәріхана құралдары алмастыра алады екен. Бұл тізімді біліп жүргеніңіз абзал. Сутек тотығы Әр үйдің дәрі қобдишасынан табылатын бұл құрал бізге залалсыздандыратын сұйықтық ретінде таныс. Тілініп, қанап қалған жараларға басып жүрсек те, оның тері күтіміне пайдалы болатынын білмеппіз. Егер сіз беттегі безеу, қара нүктелер мен ұшықтарды шұқалап, сығу сынды жаман әдет иегері болсаңыз, оның алдында  теріні сутек тотығымен сүртіп алған жөн. Ол теріні залалсыздандырып қана қоймай, беттің майын тазартып, безеуді сыққанда оны түгелімне шығуына көмектеседі. Артынан тағы бір рет сутек тоытығымен теріні сүртіп шығыңыз. Осылайша безеу орнын залалсаздандырып, қызарудан сақтайды. Әрине бұл әдеттен мүлдем арылғаныңыз жөн. Аяқ астынан дезодарантыңыз бітіп қалды ма? Қолтық терісін сутек тотығымен бір сүртіп шығыңыз. Әрине бұл әдіс терінің бөлінуін тоқтатпайды, бірақ ұзаққа жағымсыз иістен сақтайды. Сондай-ақ бұл тәсіл өзіңіздің дезодарантыңыздың әсерін ұзартуға көмектеседі. Мысалы ұзақ жолға шыққанда бірінші қолтықты сутек тотығымен сүртіп, кепкен теріге дезодарантыңызды жағыңыз.  Қол астында ешбір лосьон мен тониктер, теріні жуатын косметикалық құралдар болмаса, сутек тотығы сізге көмекке келеді. Ол теріні тазартып, май мен кірден арылтады. Жиі қолданғанда теріні ағартады. Майлы теріге ие аруларға оны күнделікті қолдануға да болады. Ол майдың бөлінуін реттеп, безеулердің алдын алады.    Бадяга атты тұщы суларда кездесетін балдырдың ұнтағы кез келген дәріханада сатылады. Бадяга қосылған бетке арналған маска сұлулық салондарындағы дауалар сынды әсер береді екен. Осы балдырдың ұнтағымен пилинг жасауға да болады. Мамандардың айтуынша бұл дауаның тек бір кемшілігі бар: ұзақ қолданғанда бадяга түктің өсуіне көмектеседі, сондықтан оны тым жиі қолданбаған жөн. Бірақ қолданған жағдайда бадяга теріні ғажап өзгертуі мүмкін. Бірнеше маскадан кейін бет терісіндегі өлі жасушалар қабаты түгелімен, соның ішінде безеулер, ұшықтар, қара нүктелер кетеді. Алайда бұндай масканы алдағы 12 сағат ешқайда бармайтыныңызды білсеңіз ғана жасаған дұрыс. Себебі маскадан кейін бет терісі қызарып, бөртуі мүмкін. Масканы әзірлеу еш қиын емес. Бадяга ұнтағына сутек тотығын қосып, бір минуттан кейін сумен ылғалдандырылған теріге жағыңыз. Бірнеше минут ұстап, жуып тастаңыз. Бет терісі қатты қызарып кетсе, мырышты май жағуға болады. Осыдан кейін 3-4 күн теріңіз қабыршықтануы мүкін. Тері қалпына келгенде дәл осындай масканы қайта жасауға болады. Масканы қайталау терінің түріне және маскадан алған әсеріне байланысты болады.  Қырмызы (календула) тұнбасы                                         Қырмызы тұнбасы әр үйдің дәрі қобдишасында болуға тиісті. Ол жараларды йодтан жақсы емдейтіндігі дәлелденген. Қырмызы жасушаларды қалпына келтіру қасиетіне ие, ол ауруды басып, жараны залалсыздандырады. Қырмызы тұнбасын беттің кішкентай кемшіліктерін емдеуге қолдануға әбден болады. Жалпы қырмызы тұнбасын лосьоннның орнына қолданған орынды. Ішінде спирт бар деп уайымдасаңыз, оны сумен араластырып ерітінді жасауға болады (1:1 қатынасында). Сондай-ақ қырмызы тұнбасы бас терісін құрғата алады. Бұл бас терісі тез майланатын қыздарға пайдалы болмақ. Қырмызы тұнбасын бас терісіне жағып, массаж жасаңыз. Тұрақты түрде осы әдісті пайдаланып жүрсеңіз, шашыңыздың тазалығы ұзаққа сақталады. Ал шашыңызды берік қыламын десеңіз, қырмызы тұнбасына майсана (кастор) майын қосыңыз.«Левомеколь» майы ісінуге, микробтарға және түрлі зиян микроағзаларға (стафилококк, синегой және ішек таяқшаларына) қарсы жақсы әсер береді. Бұл майды кез келген жара, күйген жерге, қатты ісіп кеткен безеулерге жағуға болады. Левомеколді қалың қабатпен зақымданған жерге жағыңыз. Осы майдан кейін ісік пен ашыған сезім тез кетеді. Салицил спирті және салицил майы  Бұл заттар көптеген безеу мен ұшықтарды емдеуге арналған крем мен гельдердің құрамдас бөлігі болып табылады. Спиртке ерітілген салицил қышқылы кез келген дәріханада сатылады. Безеулер, қара нүктелер, арқадағы безеулер, өте майлы тері сынды қиындықтарыңыз болса, бұл құрал сізге арналған. Соңғы жүргізілген зерттеулер бойынша салицил қышқылы безеулер мен тері кемшіліктеріне емдейтін ең жақсы дәрі болып танылды. Мысалға, қара нүктелерден арыламын десеңіз, теріңізді бірінші сутек тотығымен сүртіп, артынан салицил майын жағыңыз. Ол теріні өлі жасушалардан тазартып, спиртке қарағанда жұмсағырақ әсер береді. Ал салицил спирті теріні өте жақсы құрғата алады, сондықтан онымен абай болу керек. Оны тек безеудің үстіне тамшылатыңыз.  Бұл құралдың тағы да бір жақсы қасиеті бар. Ол табанда сүйелдердің пайда болуынан сақтап, жалпы табан терісінің қатайып кетуіне жол бермейді. Оны педикюрдан кейін аяғыңызға жаққан дұрыс. Мырыш майы – ісінуге қарсы құрал. Ол жараны құрғатып, ісігін шығарып, антисептикалық әсер береді. Мырыш майын бетті терең тазалағаннан кейін, безеулер мен ұшықтар көп кезде қолдануға кеңес береді мамандар.  Енді шығып келе жатқан безеуге мырыш майының бір түйірін жағып қоюға болады. Мырыш безеулермен күресетін ең жақсы деген заманауи косметикалық құралдардың көбісінің құрамына кіреді.   Педикюрдің керемет әсерін ұзаққа сақтау үшін де осы мырыш майын қолдануға болады. 

22 маусым 2018 ж. 1 364 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 046

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031