» » Әжімнің пайда болуына әкелетін 10 әдет

Әжімнің пайда болуына әкелетін 10 әдет

 Әжімнің пайда болуына әкелетін 10 әдет
Әр әйел тері жастығының ұзаққа сақталуын қалайды. Күтім құралдарын қанша қолдансаңыз да, әжімдердің жылдам пайда болуына әсер ететін кей әдеттерді тоқтатпасаңыз, жақсы нәтиже болмайды.
SPF-қорғауы бар кремдерді елемейсіз
Сіз күннің көзін жақсы көрсеңіз де, теріңіз оны ұнатпайды. Күн көзінің белсенді сәулелері терінің ерте қартаюына әкелетіндігін жиі естісе де, әйелдердің көпшілігі SPF-қорғауы бар кремдерді қолдануды қолға алмайды. Мұндай кремдерді тек жағажайға барарда емес, күнделікті далаға шыққанда жағуыңыз керек. SPF-қорғауы бар кремдерді жыл бойына қолдануды әдетке айналдырыңыз. Соның ішінде, жаз мерзімінде теріге ол өте қажет екенін ұмытпаңыз.
Сағыз шайнағанды ұнатасыз
Жарнамада көрсететіндей балғын дем алу үшін арасында сағыз шайнауға болады. Бірақ сағыз шайнау әдетіңізге айналса, ол ерте қартаюға әкеледі. Жақтың тоқтаусыз қозғалысы ерін айналасы әжімінің және мұрын-ерін қатпарының пайда болу себебіне айналады.
Теріні мөлшерден тыс тазалайсыз
Тері тазалығына мән беруде тұрған ештеңе жоқ. Алайда жуынуға арналған түрлі скрабтар, пилингтер мен щеткаларды ұнататын әйелдер оларды мөлшерден тыс қолданып кетеді. Мысалы, скрабты аптасына 2 реттен артық қолдануға болмайды. Мұндай құралдарды көп қолдану кезінде тері құрғақ бола бастайды. Ал терінің құрғақтығы әжімдердің пайда болуына әкеледі.
Таңертең тазартушы құралмен жуынасыз
Ұйықтар алдында бет терісін тазартушы құралмен жуып, тоникпен сүрту қалыпты. Бірақ, оны таңертең істеудің не қажеті бар? Тері бұл аралықта ластанып үлгермейді. Сондықтан ұйықтар алдында теріні жақсылап тазартып, таңертең қарапайым бөлме температурасындағы сумен шайыңыз немесе мұзбен уқалаңыз.
Жастық тысын анда-санда ауыстырасыз
Төсек-орын тысын сирек ауыстыруға болады, бірақ жастық тысын жиі ауыстырып, тазартып тұрған жөн. Жастық тысын да бактерия көбірек жиналады, шаш үлгісіне арналған кез келген құрал ұйықтау кезінде жастық тысына түсіп, оның бәрі бет терісіне әсерін береді. Химиялық элементтер ерте қартаюға әкеледі. Сондықтан жастық тысты 3-4 күн сайын ауыстырып, жууды әдетке айналдырыңыз.
Ұйқыңыз қанбайды
Ұйқының қанбауы сіз ойламаған түрлі проблемаларға әкеледі. Солардың бірі – ерте қартаю. Сізге ұйқы жетіспеген кезде ағза қалпына келіп үлгермейді. Бұл тері жазушаларына да қатысты айтылған.
Дұрыс қалыпта ұйықтамайсыз
Ұйқымен қатысты ерте қартаюдың тағы бір себебі – дұрыс қалыпта жатпау. Адамдардың көпшілігі бетін жастыққа тақап, ішпен ұйықтағанды ұнатады. Бұл кезде бірнеше сағатқа қалыпты қанайналым бұзылады, ал бет терісі жастыққа басылып қалады. Осыдан кейін әжімдер пайда бола бастайды.
Безеуді сығасыз
Безеуді сығуға болмайтындығын білсе де, көпшілік оны қайталай береді. Сіз безеуді сығу арқылы жұқпа жұқтырып алу мүмкіндігімен қоса, теріні жарақаттайсыз. Содан кейін сол жерде ұсақ әжім қалу қаупі бар.
Ауа ылғалдандырғыш құрал қолданбайсыз
Егер үйіңізде ауа өте ыстық және құрғақ болса, оған тері міндетті түрде жауап береді. Ауа ылғалдандырғыш – шынымен де өте маңызды құрал, оның бет терісіне тигізетін пайдасы көп.
Темекі тартасыз
Бұл жерде түсіндірудің қажеті жоқ. Темекі тарту мен жастықты ұзарту – бір-бірімен үйлеспейтін ұғымдар.
19 сәуір 2018 ж. 1 351 1

JeaCold от 22 ақпан 2019 19:45
online accutane forum cialis without prescription Viagra Cialis Combo Packs

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031