» » «БЕЙНЕУ-БОЗОЙ-ШЫМКЕНТ» МАГИСТРАЛДЫ ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ ЕКІНШІ ЖЕЛІСІ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТТІ

«БЕЙНЕУ-БОЗОЙ-ШЫМКЕНТ» МАГИСТРАЛДЫ ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ ЕКІНШІ ЖЕЛІСІ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУ ӨТТІ


Бүгін Қармақшы ауданында «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының екінші желісін салу жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті. Іс-шараны аудан әкімінің аппарат басшысы Диас Молдабаев жүргізіп, жобаның негізгі мақсат-міндеттері мен әлеуметтік-экономикалық тиімділігі жөнінде кеңінен ақпарат берілді.

Қоғамдық тыңдауға «КазГипроНефтеТранс» ЖШС бас инженері Бузаубаев Талғат Қуанұлы, Экология бөлімінің бас маманы Мырзабеков Бақытжан Ибадуллаұлы, Жобаның әзірлеушісі Бедарева Инна Владимировна, «ILF» ЖШС жетекші маманы Уразалиева Нұргүл Серікқызы, «UCCBBS2» ЖШС аға менеджері Қанатбаев Алмас Жанболатұлы қатысты.

Жобаның басты мақсаты – Қазақстанның оңтүстік өңірін табиғи газбен сенімді әрі ұзақ мерзімді қамтамасыз ету.
Газ құбырының жалпы ұзындығы шамамен 1450 шақырымды құрайды. Трасса Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстарының аумағы арқылы өтеді.
Құрылыстың жалпы ұзақтығы 41 айға жоспарланған. Жұмыстар 2025 жылғы қыркүйек айында басталып, 2029 жылдың қаңтарында аяқталады деп күтілуде.

Газ құбырын тұрақты қысыммен қамтамасыз ету мақсатында бірнеше компрессорлық станция салынады. Сондай-ақ, вахталық кенттер мен жөндеу-пайдалану учаскелері инфрақұрылым талаптарына сай жобаланып, трасса бойында орналастырылады.

Жоба толығымен қолданыстағы санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын болады. Газ құбыры пайдалануға берілгеннен кейін оған «Интергаз Орталық Азия» АҚ қызмет көрсетеді.

Қоғамдық тыңдау барысында жоба өкілдері тарапынан толыққанды ақпарат беріліп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді. Іс-шара барысында жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлері де ескерілді.

17 қыркүйек 2025 ж. 404 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930