Қызылордадан Астанаға дейін газ құбыры жүргізілуде
Өңірілік коммуникациялар қызметі "Қараөзек" компрессорлық стансасына прес-тур ұйымдастырды. Аймақтың БАҚ өкілдері «Қараөзек» компрессорлық станциясынан «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана» бағытында 2,7 миллион адамды табиғи газбен қамтамасыз ететін «Сарыарқа» газ құбыры құрылысының жұмыстарымен танысты.
«Қараөзек» жаңа станциясы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырынан 944 шақырымда орналасқан, осы жылғы сәуірде Ақтөбе облысында пайдалануға енгізілген «Бозой» станциясынан қосарлы жұмысқа есептелген. Станцияның мүмкіндігі «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының өткізгіштік қабілеттілігін 10 млрд. текше метр газға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.Бұдан басқа, «Қараөзек» КС құрылысы Қазақстанның астанасы Астананы және солтүстік өңірлерді алдағы газдандыруды есепке ала отырып жоспарланған. Бұл мақсатты орындауға станция қуаты толығымен жетеді.
Биыл "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеуінің бесінші бастамасы "Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру" болатын. Осы орайда, қазіргі таңда, "Сарыарқа" магистралды газ құбыры құрылысының 1 кезегіндегі "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Темиртау-Астана" бағытын 2018 жылдың қараша-желтоқсан айларында бастап, 2019 жылдың желтоқсан айында толықтай аяқтау жоспарлануда.
syr-media.kz