» » Отбасылық дәстүр – ұрпаққа аманат

Отбасылық дәстүр – ұрпаққа аманат


Қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні. Осы мерекеге орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қызылорда облыстық филиалы 10 күндік мерекелік формат аясында түрлі мазмұнды іс-шаралар ұйымдастыруда. Бүгінгі күн «Отбасылық дәстүрлер: тарихты сақтау, болашақты құру» тақырыбында аталып өтіп, өңіріміздегі өнегелі әулеттерге құрмет көрсетілді.

Олардың қатарында бар саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған ұлағатты ұстаз, мыңнан астам шәкірт тәрбиелеген Абай Баукенов пен өмірлік қосағы Күләйхан әжеміз бар. Биыл ерлі-зайыптының шаңырақ көтергеніне алпыс жылға жуық уақыт болып отыр. Бүгінде олар 7 баланың ата-анасы, 20 немеренің ардақты атасы мен әжесі, 5 шөберенің асыл қазынасына айналған.

«Отбасының бақыты – сыйластықта. Қуанышта да, қиындықта да бірге болу – шаңырақтың берекесі. Балаларымызды адалдық пен еңбекқорлыққа тәрбиелеуді өмірлік ұстаным еттік», – дейді Абай ата мен Күләйхан әже.

Абай ата мен Күләйхан әже – өнегелі ғұмырдың, адалдық пен мейірімнің, ұрпаққа бағыт-бағдар беретін парасаттың жарқын үлгісі. Мұндай әулеттер – қоғамның алтын қазығы, ұлттық құндылықтарды сақтап, болашаққа жол сілтейтін шырақ.
17 қыркүйек 2025 ж. 81 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 625
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 400

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031