» » ЖОЛДАУДА ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕР МЕН ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ЖОЛДАУДА ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕР МЕН ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен өткен жиналыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттер мен жол жүру және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Жиында аудан басшысы Үкімет пен облыс деңгейінде өткен мәжілістердің қорытындыларын атап өтіп, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын нақты шараларды белгіледі.

– Мемлекет басшысының Жолдауы – біздің нақты іс-қимылымыздың негізі. Осы аптада актив жиынын ұйымдастырып, барлық салалар бойынша тапсырмаларды нақтылап алуға тиіспіз, – деді аудан әкімі.

Жиында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол белгілерін орнату, қауіпсіздік шараларын күшейту мәселелері жан-жақты қаралды. Аудан бойынша бүгінде 1740 дана жол белгісі орнатылса, биылғы жылы аудандық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, қосымша 353 дана жол белгісі алынған.

– Білім беру ұйымдарының маңында қауіпсіздік талаптарын толық сақтауға тиіспіз. Бұл – балалардың амандығы. Барлық тиісті жол белгілері мен жолақтар белгіленіп, жылдамдықты шектеу және «Балалар» белгілері орнатылсын, – деді Жандос Еркінбек.

Аудан әкімі Жосалы кентіндегі бағдаршамдарды орнату, сондай-ақ Ақжар–Көмекбаев бағытындағы аудандық маңыздағы автожолдың жөндеу жұмыстарының созылып кеткеніне тоқталып, тиісті басшыларға нақты мерзім белгіледі. Сондай-ақ кейбір жол-көлік оқиғаларының ауыл шаруашылығы техникалары мен иесіз жүрген малдардың қатысуымен орын алатынын атап өткен аудан басшысы, кент және ауылдық округ әкімдеріне жол бойында қауіпсіздік талаптарын түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Қорытындылай келе, аудан әкімі Жандос Еркінбек жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүйелі жүзеге асыру бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

16 қыркүйек 2025 ж. 41 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930