» » Жаңа салық кодексі түсіндірілді

Жаңа салық кодексі түсіндірілді

Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері арнайы іссапармен келіп, жаңа Салық кодексінің негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған кездесу өткізді.

Жаңа Салық кодексінің мазмұнын халыққа жан-жақты түсіндіру, салық салу рәсімдерін жеңілдету бағытында қабылданған жаңа нормаларды түсіндіру мақсатында өткізілген кездесуге аудан әкімінің аппаратының басшысы Диас Молдабаев қатысып, салық кодексіне байланысты мемлекеттің қаржы жүйесі, салық төлеушілер мен мемлекеттік органдар арасындағы қатынастары жөнінде атап өтті.

Аталған шараға Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Асқар Елеманов, Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлсара Қарымсақова, Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Мария Искакова, Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Гүлжамал Шортанбаева, Камералдық мониторинг басқармасының бас маманы Гүлмира Өтеева және Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы Ақмарал Шамшаева қатысты.

Жиын барысында сала мамандары 2025 жылдың 18 шілдесінде Мемлекет басшысы қол қойған жаңа Салық кодексі мен оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен баяндап, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ, қатысушылар тарапынан жаңа заңнамалық актілерге қатысты ұсыныстар мен пікірлер тыңдалып, салық жүйесіне қатысты мәселелер талқыланды.

Шара соңында аудан әкімдігі атынан келген қонақтарға алғыс білдіріліп, мұндай ақпараттық-насихаттық кездесулердің маңыздылығы атап өтілді.

12 қыркүйек 2025 ж. 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 625
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 400

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031