» » Мектепке жаңа пән енгізілуі мүмкін

Мектепке жаңа пән енгізілуі мүмкін



Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мектептерде балаларға жол қозғалысы ережесін үйрететін міндетті пән енгізуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Спикердің айтуынша, полицейлер жол-көлік оқиғасынан қайтыс болған балалар туралы деректерді басқа елдердің деректерімен салыстырған.
Бұдан бөлек кәмелетке толмағандарға жол қауіпсіздігі дағдыларын үйретуге бағытталған пәндерді оқыту тәжірибесі ескерілген. Қорытындысы көңіл көншітпеген: Қазақстанда балаларға жол жүру ережелері аз оқытылатын болып шыққан.
"Ішкі істер министрлігі балалардың өміріне қатысты болғандықтан жол қозғалысы ережесі сабақтарын мектеп бағдарламаларына жеке міндетті пән ретінде енгізуді ұсынып отыр. Мұндай сабақтар арқылы жолдарда заңға бағыну тәртібі нормаларын сіңіруге болады, бұл олардың өсіп, өздері жүргізушісі болған кезде жол қауіпсіздігіне оң ықпал етеді", – дейді Қайсар Сұлтанбаев.
28 тамыз 2025 ж. 224 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930