» » №250 мектеп-лицейінің ҰБТ өткізуге дайындығы жайлы

№250 мектеп-лицейінің ҰБТ өткізуге дайындығы жайлы

         Қармақшы аудандық білім бөлімінің №250 мектеп-лицейі базасында орналасқан Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункті (ҰБТӨП №779),ҰТО-ның Жосалы кентіндегі филиалында 2017-2018 оқу жылы бойынша 19 мектеп бойынша бітіруші 395 бітірушінің (340 қазақ сыныбы, 55 орыс сыныбы) ағымдағы жылы 268 оқушысыҰБТ-ға қатысады.
         2018 жылы бойынша ҰБТ 20 маусым күні 1 лекте өткізіледі. Мектеп-лицей ғимаратының бір блогында 7 аудитория нақтыланып, қосымша 2 аудиториярезервке алынған. 6 аудитория 40 оқушыға, 1 аудитория 30 оқушыға арналған. 7 аудитория бейнекамералармен және салқындатқыштармен жабдықталған. Аудиторияларды қамтитын 3 дәліз бойынша 3 бейнекамера орнатылған.ҰБТ-ға кіргізу кезінде 1 жиектемелі және 2 қолда ұсталатын металл іздегіштер, ал тестілеу кезінде 8 ұялы байланыс сигналын тұншықтарғыш құралдары қолданылады.
Бейнекамералардың тіркеуіш орталық инженерлік жүйесі 3 қабатта 1 бөлмеде 1 бейнетіркеуішпен орналастырылған және ҰБТ барысын онлайн web-трансляциялау мүмкіндігі қарастырылған. Қазіргі таңда Ivideon Server бағдарламалық жасақтамасы арқылы ҰБТӨП-терде баптау жұмыстары жүргізілуде. ҰБТ барысын интернет нүктесі бар кез-келген жерде бақылауға болады. Ол үшін www.ivideon.com/tv/map сілтемесіне өтіп, картадан Қазақстанды тауып, одан кейін Жосалы елді мекені тұсында ҰБТӨП және ондағы аудиториялар саны көрсетілген белгі арқылы көруге мүмкіндік бар. Аудан бойынша қолданушылар үшін сілтеме беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Асылжан Айбытов,
«Ұлттық тестілеу орталығының» Қызылорда облысы Жосалы кентіндегі филиалының басшысы.   
        
20 маусым 2018 ж. 2 378 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930