» » АЙМАҚ БАСШЫСЫ «6ELLUCCI» ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ МЕН ПРОДЮСЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ «6ELLUCCI» ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ МЕН ПРОДЮСЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «6ELLUCCI» тобының мүшелері мен продюсерлерін қабылдады. Кездесуде шығармашылық ұжымға сәттілік тілеп, Қызылорда өңіріндегі бастамаларды республикаға танытуға қосқан үлесі үшін «Сыр жұлдыздары» арнайы дипломын табыстады.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Еліміздің келешегі ойы ұшқыр, терең білімді, заманауи көзқарастағы жастардың қолында» - деген болатын. Сыр өңірінде көшбасшы, озат, ғылым мен білімге құштар жастарымыз өте көп.
Өздеріңізге белгілі, біздің аймақтан талай таланттар түлеген. «КЗО 11» заманауи әуенін орындаушы ретінде Сіздердің жетістіктеріңізді әлеуметтік желілерден, телеарналардан көрдік. Жастар арасында жоғары танымалдыққа ие болып, көпшіліктің құрметі мен қошеметіне бөлендіңіздер.
Әлеуметтік желілерде Сіздердің әндеріңіз арқылы Қызылордада соңғы уақытта атқарылған ауқымды істер мен маңызды жобалар кеңінен насихатталуда. Өз шығармашылықтарыңыз арқылы аймағымыздың, Сыр өңірінің абыройын асқақтатуға зор үлес қосып келесіздер. Еңбектеріңіздің жемісін көріп, іздеріңізден ерген қаракөздерімізге үлгі-өнегелі көрсете беріңіздер», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Кездесу соңында топ мүшелері мен продюсерлер аймақ басшысына шынайы ризашылық білдіріп, бүгінгі қабылдаудың шығармашылыққа үлкен қолдау екенін атап өтті.

2023 жылдың 26 мамырында құрылған «6ELLUCCI» тобы бүгінде қазақстандық рэп жанрын қарқынды дамытып, тыңдармандардың зор қызығушылығына ие болуда. Топ Алматы қаласында жұмыс істейді және елімізге танымал Jamal & Ganja продюсерлік лейблінің құрамына енген.
Білікті продюсерлердің кәсіби қолдауының арқасында «6ELLUCCI» шығармашылық тұрғыда өсіп, студиялық жазбалар мен музыкалық продакшн сапасын жаңа деңгейге көтеріп келеді.
Топтың шығармашылығы музыкалық платформаларда кеңінен таралып, тыңдарман жүрегінен орын тапты. «Ideal» атты синглы жүздеген мың көрілім жинап, Қазақстандағы үздік музыкалық парадтар қатарына енді.
Сондай-ақ, «Көбелек» трегі мен Ghetto Dogs тобымен бірлесіп жазған «KZO II» коллаборациясы да үлкен табысқа жетіп, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

15 тамыз 2025 ж. 120 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 630
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 402

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031