» » Жұмысшы мамандығы – болашаққа апарар сенімді жол

Жұмысшы мамандығы – болашаққа апарар сенімді жол

Жұмысшы мамандықтарының маңызы күннен-күнге артып келеді. Қазіргі таңда қоғамға түрлі салада кәсіби шеберлігі жоғары, тәжірибелі кадрлар қажет. Осы сұранысты өтеу жолында еңбек етіп келе жатқан іргелі оқу орындарының бірі – Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі. Колледждің басты миссиясы – озық әдістемелер, ұлттық мұра және әлемдік тәжірибе негізінде заманауи еңбек нарығының сұранысына сай білікті мамандар даярлау. Бүгінде колледжде 19 мамандық пен 24 біліктілік бойынша білім беріледі. Оқу ордасы мемлекеттік лицензияға ие және техникалық, кәсіптік бағыттағы заманауи маман даярлауға толық мүмкіндік беретін материалдық-техникалық базаға ие.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды – “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жариялады. Осыған орай елімізде жыл басынан бері жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыру мақсатында ауқымды шаралар ұйымдастырылып келеді. 2025–2026 жаңа оқу жылында 250 талапкерді қабылдау жоспарлануда. Бүгінгі күнге дейін 157 талапкердің құжаттары қабылданды.
2024–2025 оқу жылында колледжді 177 түлек тәмамдап, оның ішінде 10 бітіруші аудан кәсіпорындарында жолдама арқылы жұмысқа орналасты.
Колледж “Шалқия Цинк” ЖШС және “СКЗ-U” ЖШС әлеуметтік серіктестіктерімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасты.
Дуалды оқыту жүйесі бойынша биыл техникалық және кәсіптік білім беру шеңберінде 134 студент қамтылған. Қазіргі таңда “Шалқия Цинк” ЛТД ЖШС-де біздің түлектеріміз – Садық Нұрлан мен Жұмабек Мұхаммед еңбек етуде.
14 тамыз 2025 ж. 89 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930