» » КЕНЕГЕ ҚАРСЫ КҮЗГІ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

КЕНЕГЕ ҚАРСЫ КҮЗГІ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ


Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбектің тапсырмасына сәйкес, аудан аумағында күзгі кезеңге арналған кенеге қарсы дәрілеу және залалсыздандыру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мақсатында ауылдық округ әкімдіктеріне үй аулалары мен мал қораларында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу туралы тиісті тапсырмалар берілген болатын.

Осыған орай, бүгін Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы Диас Молдабаевтың қатысуымен Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алуға бағытталған залалсыздандыру жұмыстары басталды. Аталған шараға аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен ветеринария саласының мамандары қатысты.

Залалсыздандыру жұмыстары бүгіннен бастап «SATTI TULIK» ЖШС мердігер мекемесі арқылы жүзеге асырылуда. Жұмысқа 7 қызметкер мен 6 арнайы техника жұмылдырылып, «Креолин-Х5%» дәрілік препараты қолданылуда.

Қазіргі таңда бірінші кезеңдік залалсыздандыру жұмыстары Жосалы кентінде жүргізілуде. Келесі кезекте жұмыстар Қармақшы, Қызылтам, Ордазы, Қорқыт, Диірментөбе елді мекендерінде жалғасатын болады.

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

Кенеге қарсы дәрілеу жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында, үй аулалары мен мал қораларында тұрақты түрде механикалық тазалық жұмыстарын жүргізу қажеттігін назарларыңызға саламыз!

09 тамыз 2025 ж. 158 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930