«Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы» ауруына қарсы жұмыстар жалғасуда
Қармақшы ауданы бойынша 2024 жылы «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруымен» 16 елді мекен қолайсыз елді мекендер қатарына еніп отыр. Атап айтқанда, Жосалы, Төретам кенті, Ақай, Диірментөбе, Ордазы, Қорқыт, Қызылтам, Қармақшы, Төребай би, Иіркөл, Жаңажол, Алдашбай ахун, Ақтөбе, Ақжар, Тұрмағамбет, Көмекбаев ауылдары.
Осы елді - мекендерге кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жоғарғы деңгейде орындау мақсатында, аудан әкімінің тапсырмасымен көктемгі дәрілеу, залалсыздандыру жұмыстарын тиімді жүргізу мақсатында қолайсыз болып табылған елді - мекен әкімдіктеріне үй аулалары мен мал қораларына санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу туралы тиісті тапсырмалары берілді.
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары А.Әнуардың төрағалығымен 3 мамыр күні штаб отырысы, 8 мамыр күні аудан әкімдігі жанында тиісті сала мамандарының қатысуымен көшпелі жиын өткізіліп, мал бастары мен қора, суат шаңлақтарды өңдеу кезінде аудандық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы ветеринар мамандарымен бірлесіп, залалсыздандыру препарттарының нұсқаулыққа сәйкес қолданылуын бақылауға алу және дәрілеу кезінде себілетін препараттың суға құйылатын дәрі мөлшерін қадағалап, актілеу жұмыстарын жүргізіп отыру керектігі ескертілді.
Кесте бойынша 2024 жылдың 8-24 мамыр күндері аралығында бірінші кезеңдік, 8-24 маусым күндері аралығында екінші кезеңдік залалсыздандыру жұмыстарын Ақтөбе қаласының «АҚТӨБЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯ» ЖШС мердігер мекемесі құрамында 14 адам, 7 техника «Ципек 10%» дәрмегімен жүргізетін болады.
Қазіргі таңда, бірінші кезеңдік залалсыздандыру жұмыстары Жосалы кенті, Қармақшы ауылы, Қызылтам елді мекендерінде аяқталып, келесі дәрілеу жұмыстары Ордазы, Диірментөбе бекеттерінде жоспарлануда, алдағы уақыттарда бекітілген кесте бойынша залалсыздандыру жұмыстары жалғасын табатын болады.