» » БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ


Байқоңыр қаласында 50 пәтерлік 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жобаның жалпы құны – 3,7 млрд теңге. 2021–2023 жылдар аралығында 2,8 млрд теңге көлемінде қаржы игерілген.

Алайда, құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмағандықтан, мердігер мекемелермен жасалған келісімшарттар сот тәртібімен бұзылды. Сот шешіміне сәйкес, мердігерлерден аванстық төлемдер мемлекет бюджетіне қайтарылды.

Осыған байланысты 2025 жылы жоба қайта қаралып, сметалық құжаттамаға түзетулер енгізілді. Жаңартылған жоба бойынша құрылыстың жалпы құнында өзгерістер бар.

Тұрғын үйлерді аяқтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, нәтижесінде «Аман құрылыс» ЖШС мердігер ретінде анықталды. Компаниямен келісімшарт жасалды. Ағымдағы жылы бөлінген қаражат есебінен алғашқы аванстық төлем жүзеге асырылып, құрылыс жұмыстары қайта басталды.

Айта кетейік, бүгінде құрылыс жаңа мердігердің жобасымен жалғасып жатыр. Бұл пәтерлер аяқталған уақытта Қазақстан азаматтарына кезектілікпен тапсырылатын болады. Аталған жұмыстар аудан әкімінің тікелей бақылауында.

05 тамыз 2025 ж. 204 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930