» » КЕЛЕЛІ ІСТЕР КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК ҮШІН

КЕЛЕЛІ ІСТЕР КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК ҮШІН

Өткен аптадан бері аудан халқы елдегі оң өзгерістер мен жаңашылдықтан хабардар болып жатыр. Себебі аудан басшысы Жандос Еркінбек ауыл тұрғындарымен есепті кездесу өткізіп, биылғы жартыжылдықта жасаған жұмысын егжей-тегжейлі таныстыруда. Кеше қорытынды кездесуін Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде өткізіп, Жосалы кенті әкімімен бірге алда атқарылатын жұмыс жоспарынан хабардар етті.
АҚЖАР, АҚТӨБЕДЕ АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Ақжар ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында А.Құнанбаев көшесіне жаңа құрылыс жұмысы өткен жылдың маусым айында басталған-ды. Ауқымды жобаны «Әлем Жол Транс» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асыруда. Құрылысқа бөлінген қаржы көлемі – 194,7 млн теңге. Сонымен қатар, Ш.Уәлиханов, Р.Жиенбаев және С.Сейфуллин көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бекітілген мердігер компания толықтай аяқтады. Жалпы осы ауылда жол мәселесі кезеңімен шешімін тауып келеді.
Ауыл әкімі Нұржамал Бектайқызы округті басқарғалы оң өзгерістердің қатары көбеюде. Заты әйел демесеңіз, ерлерден кем жұмыс атқарып жүрген жоқ. Әлеуметтік желідегі белсенділігі бір төбе. Бір сөзінде «Менің күнделікті міндетті бір жұмысым, азанмен ерте ауылдың ішісыртын аралап, ел мен халықтың, малжанның амандығына көз жеткізу» дегені бар. Ауылдың тазалығы табалдырықтан аттағаннан көз тартады. Осыдан бес жыл бұрын шаруашылықтың демеуімен ауылдың кіреберіс жолдың екі жағына егілген жасыл желек пен алма бағы бүгінде жайқалып, нәтижесін беріп тұр. Ісінде тиянақтылық пен нәтиже қатар жүретін ауыл әкімін аудан басшысы үлкен жиында елге үлгі еткеніне де куә болдық. Осылай ауылға жаны ашып, елді дамытамын деген әкімге аудан әкімдігінен қашанда қолдау жоғары.
Ақжар ауылындағы маңызды нысандардың бірі – Ораз ахун көшесінің жанында орналасқан спорт алаңы. Ағымдағы жөндеуден өткен бұл алаңға аудандық бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, бүгінде тұрғындар игілігіне пайдалануға беріліп отыр.
Ал Ақтөбе ауылында да жол жөндеу және абаттандыру бағытында бірқатар жұмыс атқарылуда. Мәселен, Ы.Сейтенов көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілсе, Н.Сералиев көшесін абаттандыруға жалпы құны 39,8 млн теңге қаржы қарастырылып отыр.
Елді мекенде мәдениет пен өнер саласын дамыту назардан тыс қалмай мәдени нысанға техникалық жарақтандыру жұмысы жүргізілуде. Соның бірі – биыл жартыжылдықта ауылдық клуб үйіне құны 5,0 млн теңге тұратын LED экран және музыкалық құрылғылар сатып алынды.
Ауылда Ұлттық спортты дамыту мақсатында алғаш рет «Ақтөбе и К» ЖШС қолдауымен жалпы құны 80,0 млн теңге болатын «Ипподром» құрылысы басталған-ды. Құрылыс жұмысы күз айында аяқталады деп болжамдалуда.
Межелі міндеттер мен есепті кездесуді саралаған аудан әкімі Жандос Еркінбек биыл да жетістіктердің еселенетініне сенім білдірді. Кездесу соңында тұрғындарды жеке қабылдап, сауалдарына жауап берді.
ҰЛТЫ ҰЙЫСҚАН, ШАРУАСЫ ШИРАҒАН АУЫЛ
Аудан басшысы ІІІ Интернационал және Жаңажол ауылдық округтерінің халқымен кездесуде биылғы жылдың жартыжылдығындағы жемісті жетістіктерге тоқталды.
Мәселен, қос ауылдық округте ауызсу мәселесі толық шешімін тапқан. Ауылдар «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Сыр Суы» филиалының «Октябрь топтық су құбыры» бөлімшесі арқылы үздіксіз әрі тұрақты түрде ауызсумен қамтамасыз етілуде.
ІІІ Интернационал ауылында маңызы зор жобалардың бірі ретінде шағын футбол және балалар ойын алаңының құрылысы атап өтілді. Құны 49,5 млн теңге болатын бұл жоба қазіргі таңда аяқталуға жақын.
Сондай-ақ этностар бірлігін ту еткен ауылда Цай Ден Хак, Наурыз, Сахи Жарылқасынов көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмысына 11,4 млн теңге бөлінген. Бұдан бөлек, Қорқыт ата, Пак Чен Ир, Амангелді, Қазақ, Цай Ден Хак көшелерін жарықтандыруға жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, қаржысы қаралған.
Ауданымыз ауыл шаруашылығына бейімделген өңір болып табылса, бұл бағытта Жаңажол ауылдық округінің рөлі айрықша. Округтің жалпы жер көлемі 5406 гектарды құрайды. Биыл «Жаңажол» ЖШС тарапынан 3100 гектар жерге күріш, 323 гектарға бидай, 469 гектарға жаңа жоңышқа, 600 гектарға ескі жоңышқа, 5 гектарға алма бағы, 39 гектарға жүгері, сондай-ақ 5 гектар жерге картоп егілген. Бұдан бөлек, жеке тұрғындар тарапынан 35 гектар жерге бақша дақылдары отырғызылды.
Дүр Оңғар ауылында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Бұл – аудан әкімінің тікелей тапсырмасымен қолға алынған маңызды жоба.
Сондай-ақ халық денсаулығы да – басты құндылық. Осы ретте ауыл тұрғындарына сапалы әрі уақытылы медициналық қызмет көрсету үшін дәрігерлік амбулатория тұрақты жұмыс істеп тұр.
ИІРКӨЛ МЕН ЖОСАЛЫ АУЫЛЫ ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДА
Жыл өткен сайын ауданға қарасты ауылдардың бүгінде ахуалы жақсарып келеді. Халықтың әл-ауқаты артып, ауылдардың инфрақұрылымы дамуда. Соның бірі – Иіркөл мен Жосалы ауылдық округінде де іргелі істер жүзеге асуда.
Халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін маңызды мәселе – ауызсу. Қазіргі таңда қос ауылдың барлық тұрғыны таза, сапалы ауызсумен толық қамтылған.
Сондай-ақ аяқсу мәселесі де кезеңкезеңімен шешіліп келеді. Мәселен, Жосалы ауылында Сырдария өзенінен арнайы насос арқылы 3,5 шақырым қашықтыққа су айдалып, арық жүйесімен үйлердің іргелік жерлеріне жеткізілсе, Иіркөл ауылында аяқсу Балажарма каналынан табиғи ағынмен келіп, ауылдың ішкі арықтарын толтыруда.
Ауыл келбеті – елді мекеннің даму көрсеткіші. Осы ретте ауылдарды абаттандыру мен көгалдандыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда, Иіркөл ауылында ұзындығы 8,45 шақырым болатын Қазақстан көшесіне 41 жарық бағанасы орнатылса, Жосалы ауылында П.Байшораұлы көшесіне жарықтандыру жүйесін орнатуға қаржы бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Ауыл экономикасының маңызды секторы – шағын және орта кәсіпкерлік. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Ұлттық жоба» және «Ауыл аманаты» бағдарламалары арқылы бірнеше тұрғын жеңілдетілген несие мен қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін ашқан.
АУДАН БЮДЖЕТІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТА 21 МЛРД 115 МЛН ТЕҢГЕГЕ ҰЛҒАЙДЫ
Әкімдердің халық алдында есеп беруі кеше түстен кейін аудандық мәдениет үйінде жалғасып, қорытындыланды. Онда алдымен Жосалы кенті әкімінің бірінші орынбасары Берік Сәден алты айда кентте атқарылған жұмыстарды баяндады.
Жосалы кенті әкімі аппаратының биылғы бюджеті 937,1 млн теңгені құраса, оның ішінде І жартыжылдыққа қаралған қаржысы жүз пайызға игеріліп, мақсатты жұмсалған. Осы жылы 4-ші деңгейлі бюджет 174,7 млн теңгеге жоспарланып, салық түсімдерін ұлғайту, инвестиция тарту, көлік салығына берешектерді өндірту жұмыстары жүйелі жүргізілуде.
– Бүгінде Жосалы кентінде 1370 жеке тұлға кәсіпкер болып тіркелген. Оның ішінде, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлер саны 1306 бірлік болса, бұл барлық тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 95,3 пайызын құрап отыр. Биыл жартыжылдықта қаржы ұйымдары тарапынан 16 жобаға 631 млн теңге несие қаражаты, 15 жобаға 23 млн 592 мың теңгенің қайтарымсыз гранты берілді. Қазіргі таңда жоспарланған 10 цехтың 4-еуі ашылып, жалпы 35 шағын өндірістік цех жұмыс істеп тұр, – деді Жосалы кенті әкімінің орынбасары.
Кенттегі маңызды мәселелердің бірі – жол. Қазіргі таңда тұрғындар қоныстанған 128 көшенің 95 көшесі асфальтталған, 22 көше қиыршық тасты, 11 көше топырақты. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында биыл Келмембет батыр, М.Шыңғысов, Н.Нақыпов көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Алтынасар көшесін орташа жөндеуге аудандық бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары орындалуда. Ал ІІ жартыжылдыққа сараптамадан өткен дайын жобаларға қаржы бөлінсе, Жосалы кентіндегі жақсы жағдайдағы жолдың үлесін 90 пайызға дейін артып, топырақты көшелер үлесін мүлдем болдырмау жоспарланып отыр.
Көркейту-көгалдандыру – бұл елді мекеннің экожүйесін жаңғыртып, ауадағы шаң-тозаңды басуға, сондай-ақ тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға үлкен септігін тигізетін маңызды жұмыс. Осы орайда өткен жылы басталған бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жүйелі түрде жалғасын тауып келеді. Атап айтқанда, Қорқыт ата, Абай, Аманкелді, Тәуекелов көшелері мен «Жасыл белдеу» аумағына тұзды топыраққа төзімді көшеттер отырғызылды. Сонымен қатар, «Мәңгілік алау» мен «Дөңгелек бақ» саябақтарына түрлі гүлдер мен газон егілді. Егілген көшеттердің шығымын жақсарту мақсатында уақытылы тыңайтқыш беріліп, жүйелі түрде суарылып отыр. Қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалана отырып, тамшылатып суару әдісі де қолданылуда. Қазіргі таңда егілген көшеттердің 90 пайызы көктеп тұр.
Халық алдында есеп беруді одан әрі жалғастырған аудан әкімі Жандос Еркінбек аудандағы оң өзгерістерді тұрғындарға таныстырды.
Оның айтуынша биыл ауданның бастапқы бюджеті 12 млрд 176 млн теңге көлемінде бекітіліп, І жартыжылдық ішінде аудан бюджетіне екі мәрте нақтылау жүргізіліп, нәтижесінде бюджет көлемі 21 млрд 115 млн теңгеге ұлғайған. Аудан бюджетінің қаражатын тиімді жоспарлау мен қосымша қаржы көздерін тарту нәтижесінде бюджет 8,9 млрд теңгеге, яғни 73,4 пайызға өскен.
– Биыл қаңтар-маусым айларында ауданның макроэкономикалық көрсеткіштерінің барлығында оң көрсеткіштер қалыптасты. Атап айтқанда: өнеркәсіп өнімі 118,7 пайызды, өңдеу өнеркәсібі 118,6 пайызды, ауылшаруашылығы өнімі 101,8 пайызды, негізгі қорға салынған инвестиция 103,1 пайызды, құрылыс жұмыстары 109,1 пайызды, тұрғын үйді пайдалануға беру 119 пайызды, бөлшек сауда көлемі 102,3 пайызды құрады, – деді аудан әкімі.
Еліміздің әл-ауқатын дамыту мен экономикасын жетілдіру жолындағы ұстанған басты басымдықтарының бірі – білім беру саласы екені белгілі.
2024-2025 оқу жылында 14928 оқушы білім алып, 766 мектеп бітірушінің 694 оқушы, яғни 90,6 пайызы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Оның ішінде 54 түлек «Алтын белгі» және 48 түлек «Үздік аттестат» иеленді. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 694 оқушы қатысып, 147 оқушы жүз және жүзден жоғары балл жинады. Нәтижесінде ауданымыз облыс көлеміндегі аудандар арасында алдыңғы орындардың біріне шықты.
Сондай-ақ Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысымен облыс бойынша ең жоғары 138 балды ауданның 2 оқушысы иеленді.
Ерекше білім беруді қажет ететін балалар мен жасөспірімдерді түзете-дамыту, оңалту, әлеуметтік бейімдеу мақсатында «Қармақшы ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне аудандық бюджет есебінен ғимарат сатып алынып, табысталды.
Ауданда ауқымды жұмыстардың бірі – газдандыру. Осы орайда аудан басшысы елді мекендерді газдандыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
– Қазіргі таңда Дүр Оңғар ауылына газ тарту жобасы орындалуда. Жоба аясында 86,9 шақырым газ құбыры және 3 газ реттегіш шкафты пункттер орнатылады. Сонымен қатар, Иіркөл және Төребай би ауылдарына газ желілерін тарту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық бюджеттен қаржы қаралды. Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Қазірде аудан халқының 78 пайызы табиғи газдың игілігін көруде, – деді ол.
Аудан әкімінің баяндамасынан кейін тұрғындар сауалға көшті. Тұрғындардың бірі аудандағы атқарылған жұмыстарға оң баға берсе, енді бірі кентте әлі де күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселелерді көтерді. Сұрақтарды мұқият тыңдаған аудан басшысы Жандос Еркінбекұлы әрбір көтерілген проблема заң аясында кезеңкезеңімен шешілетінін айтты.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
30 шілде 2025 ж. 89 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (10424)

29 шілде 2025 ж.

№55 (10423)

26 шілде 2025 ж.

№54 (10422)

22 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 159
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031