» » Еңбек өтілін растау үшін мұрағатқа бармайды: Қазақстанда зейнетақы тағайындау 10 күннен 1 күнге дейін қысқартылмақ

Еңбек өтілін растау үшін мұрағатқа бармайды: Қазақстанда зейнетақы тағайындау 10 күннен 1 күнге дейін қысқартылмақ

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин цифрландыру зейнетақы тағайындау рәсімін қалай жеңілдететін айтты. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаныш Төлеушиннің айтуынша, бұған дейін зейнетақы тағайындау процесі күрделі болып келген әрі азаматтардың жеке қатысуын талап ететін. Төлемдерді алу үшін өтініш беру, құжаттарды жинау және жұмыс тәжірбиесін растау қажет болды.
"Қағаз деректерді өңдеу кідірістерді, кезектерді тудырды. Бүгінде пилоттық режимде принципті жаңа тәсіл енгізілді. Жасы бойынша скоринг негізінде жүйе зейнетақы ісін автоматты түрде қалыптастырады. Еңбек өтілі туралы мәліметтерді тексереді және азаматтар тарапынан өтініш жасамай-ақ төлемдерді проактивті тағайындайды", – деп мәлімдеді ол.
Вице-министрдің сөзінше, бұл трансформация қызмет көрсету мерзімін 10 күннен 1 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. 
Осыған байланысты ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жобаның ауқымын кеңейту мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
30 шілде 2025 ж. 187 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30