» » Зейнетақы тағайындау процесі өзгерді

Зейнетақы тағайындау процесі өзгерді

2024 жылдан бастап зейнетақы тағайындау процесі өзгертіліп, мүлдем жаңа форматта жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды Kazinform.
«Цифрлық сервистер былтыр енгізілсе де халықтың үлкен сұранысына ие болып отыр. Әділет министрлігімен сенімхаттардың 5 пайызын цифрлық форматқа көшірдік. Бұл жұмыс жалғасуда. Автокөлікті тіркеудің 55 пайызы онлайн форматта жасалады. Бұл – Ішкі істер министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының ортақ жұмысы. Ипотеканың 67 пайызы банктерде онлайн тіркеледі. «Электрондық үкімет» әр азаматты туған күнімен құттықтауды немесе құжаттардың мерзімі аяқталып қалғаны туралы алдын-ала хабарлауды үйренді», – деді министр.
Оның атап өтуінше, мұнымен шектелмей, басқа салалардағы сұранысқа ие қызметтерді де цифрландыру қолға алынған.
«Мысалы, зейнетақы тағайындау процесі өзгертіліп, келесі жылы мүлдем жаңа форматта жүргізілмек. Сонымен қатар жұмысқа тұру кезінде талап етілетін 12 түрлі анықтамаларды жою, интернетке қосылу, декларация тапсыру, балабақшаға кезекке тұру сияқты жобалар әзірленіп жатыр. Жобаларды сапалы және уақытылы енгізуді мемлекеттік органдардан сұраймыз», – деді Бағдат Мусин.
21 қараша 2023 ж. 428 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 819
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 512

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930