» » Қазақстандықтарды енді жұмысқа қажетті анықтамалардан босатады

Қазақстандықтарды енді жұмысқа қажетті анықтамалардан босатады



Қазақстандықтарды жұмысқа қабылдау кезіндегі қағаз анықтамалардан босатады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елде қажетті құжаттарды жұмыс берушіге қашықтан жылдам жіберетін жаңа қызмет сынақтан өткізілуде.
«Азаматтарға да, бизнеске де қатысты процестер бар. Мысалы, жұмысқа қабылдау. Анықтамалар миллион рет беріледі, оларды алу үшін адамдар ХҚКО-ға немесе электрондық үкімет порталына келеді. Бизнес-құрылымдар сотталмағандығы туралы анықтаманы, психонаркобақылау анықтамасын, мекенжайды растауды талап етеді. Қазірдің өзінде біз оны сынақтан өткізіп жатырмыз, жыл соңына дейін қызмет көрсетуді жоспарлап отырмыз, енді адамдарға бұл анықтамаларды ешқайда апарудың қажеті жоқ», – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.
Оның айтуынша, жаңа сервис жұмыс берушіге жаңа қызметкерге қажетті анықтамаларды өз бетінше сұратуға мүмкіндік береді.
«(Жұмыс беруші) ЖСН енгізеді, ол қандай ақпарат сұрағысы келетінін таңдайды. Жеке тұлғаға бұл деректерді жұмыс берушіге электрондық форматта беруге дайын екендігі туралы SMS (сұрақпен) келеді. Егер ол «Ок» деп жауап берсе, онда біз бұл ақпаратты жұмыс берушіге деректер базасынан жүктейміз. Яғни жұмыс берушілер мен ХҚКО арасындағы жүріс тоқтатылады», – деді министр.


06 маусым 2021 ж. 667 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930