» » Кейбір қазақстандықтардың жалақысы 50 пайызға өседі

Кейбір қазақстандықтардың жалақысы 50 пайызға өседі

2025 жылы 25 мыңнан астам қазақстандықтың жалақысы өседі. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ғылым және инновациялар департаментінің директоры Ләззат Жүсіпова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ОКҚ брифингінде Жүсіпова Қазақстанда табиғи монополиялар туралы заңға енгізілген өзгерістерді еске салды. Бұл өзгерістер су шаруашылығы саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыруға бағытталған.
"Осы өзгерістердің арқасында 1 шілдеден бастап "Қазсушар" қызметкерлерінің еңбекақысы өсті. Жалпы алғанда, бұл реттелетін сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысын көтеруге мүмкіндік береді. Аймақтар мен статистикалық деректерге байланысты еңбекақы орта есеппен 35-50 пайызға дейін өседі – бұл электр және жылу энергетикасы саласындағы мамандардың деңгейімен теңестіріледі", – деді Жүсіпова.
Оның айтуынша, бұл су саласындағы кадр тапшылығын азайтып, білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді.
Табиғи монополиялар туралы заңға енгізілген түзетулер биылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Еске салайық, маусым айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табиғи монополиялар туралы заңға өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойған болатын. Бұл өзгерістерге сәйкес, су саласы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы электр және жылу энергетикасы саласы мамандарының жалақы деңгейіне теңестірілді.
29 шілде 2025 ж. 110 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 634
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 406

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031