2024 жылдан бастап кімнің жалақысы өседі?
2024 жылдан бастап ең төменгі жалақы мөлшері көтеріледі.
Естеріңізде болса, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырған болатын. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді.
Премьер-министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2024 жылы азаматтардың жалақысы көтеруге қанша теңге бөлініп отырғанын айтқан еді.
Жақында Ерұлан Жамаубаев «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын Мәжілісте таныстырды.
Үкімет мүшесі халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында азаматтарды жұмыспен қамту үшін 2024 жылға 3,5 трлн теңге көзделіп отырғанын атап өтті.
Оның ішінде 1,5 млн-нан астам жұмыскердің жалақысын көтеруге 2,5 трлн теңге қарастырылған. Өңірлік жұмыспен қамту карталарына 724 млрд теңге көзделген. «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде 100 млрд теңге бөлініп, 18 мыңға жуық жұмыс орнын ашу болжанып отыр, - деді Жамаубаев.
Сонымен қатар мемлекеттік қолдау көрсетуге шамамен 380 млрд теңге көзделген, бұл 11 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
2024 жылы балабақша тәрбиешілерінің жалақысын 30 пайызға көтеру үшін бюджетте 96 миллиард теңге қарастырылған.
242 миллиард теңге ғылымды қаржыландыруға бағытталмақ. Бұл 616 жетекші қазақстандық ғалымдардың жалақысын арттырады.
Мемлекеттік табиғи және орман қорғау қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге 15 млрд теңге қарастырылған.
Сондай-ақ олар азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің жекелеген санаттары мен жоғары әскери оқу орындары оқытушыларының жалақысын көтеруді жоспарлап отыр.
Жалпы, энергоблокқа 2,6 триллион теңге көлеміндегі шығындар енгізілген.
Еңбек министрлігі азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізу туралы үкімет қаулысын дайындады.
Атап айтқанда, біліктілік санаттарына қолданылатын коэффициенттерді арттыру қарастырылған.
Орындалатын жұмыстарды белгілі бір күрделілікке жатқызу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүргізіледі.
Азаматтық қызметшілердің құрамына білікті жұмысшылар кіреді.
Түсіндірілгендей, коэффициенттердің ұлғаюы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының 85 мың теңгеге дейін көтерілуіне байланысты қарастырылған, Еңбек заңнамасына сәйкес бірінші разрядты жұмыскердің еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде көзделген айлық жалақысының ең төмен мөлшері айлық жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Қаулы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Құжат 30 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін «НҚА» сайтында орналастырылған.
2024 жылғы 1 қаңтарынан бастап су саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 25%-ға ұлғаяды. Су ресурстары және ирригация министрлігі тиісті шараларды әзірлеп жатыр.
Бұдан бөлек, Қазақстанның әр өңірінде су ресурстарын бөлу және оны пайдалануды бақылау мәселелерімен айналысатын бөлімдер пайда болады.
Су саласында қызмет етудің тартымдылығын арттыру қажет, еңбекақыны көтеру – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі. Әрине, жұмыс істеп жүрген кадрларды салада ұстап қалып қана қоймай, уақыт талабына сай мамандардың жаңа толқынын дайындау да маңызды. Министрлік тиісті ұсыныстар енгізу бойынша жұмыс істеп жатыр, –деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
БАҚ беттерінде жарияланғандай, мемлекеттік БАҚ құралдарында еңбек ететін қызметкерлердің айлығы өседі. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов (Бұрынғы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі – ред.) айтқанын хабарлады.
Мемлекеттік БАҚ құралында жұмыс істейтін журналистердің 2023 жылы, 2024 және 2025 жылдары жалақысы көбейеді. Биыл 30 пайызға, келесі жылы да 30 пайызға, ал 2025 жылы 20 пайызға артпақ.
Келесі жылдан қауіпті өндіріс орындарында жұмыс істейтіндер әлеуметтік төлем алады. Жаңа заң жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі әзірледі.
Бұл металлургия, энергетика, тау-кен секторындағы жұмысшыларға қатысты. Төлемақы 55 жасқа толғандарға 200 мың теңге көлемінде беріледі. Кеншілердің жалақысы да өсу мүмкін. Ең төменгі табыс 300-400 мың шамасында болады. Ал бүгінде қауіпті өндіріс орындарында 490 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, 2023 жылы кітапханашылар мен мұрағат ісі мамандарының жалақысы 20 пайызға артады. Сондай-ақ 2027 жылға қарай олардың еңбекақысы екі есе көбейеді.
Бүгінгі таңда 25 жыл өтілі бар кітапханашылардың жалақысы орта есеппен 140 мың теңгені құрайды. Жалақысы көтерілетін қызметкерлер санатына кірмей қалғандықтан, білім мен мәдениет саласындағы кітапханашы, қосалқы қызметшілер жағдайын айтып хабарласты. Енді биыл кітапхана қызметшілері мен мұрағат ісі мамандарының жалақысы 20% артады, – деді Мәжіліс депутаты.
Бұл қызметкерлердің жалақасын 2027 жылға қарай екі есе өсіру жоспарланып отыр.
2023 жылғы II тоқсанда Қазақстан Республикасы бойынша айлық жалақының орташа мәні 2022 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 17,1%-ға өсіп, 365 502 теңге болды.
2022 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі ақпарат және байланыс – 36,0%, көлік және жинақтау – 24,6%, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 23,7%, көтерме және бөлшек саудада сату6 автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 21,8% салаларында байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы – 20,4%-ға, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында – 15,6%-ға өсті.
2022 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең төменгі өсуі білім беру – 10,2%, құрылыс – 11,7% салаларында байқалды.
Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде орташа республикалық деңгейден – 2 есе, тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 1,9 есе, ақпарат және байланыста – 1,5 есе, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – тиісінше 1,3 есе жоғары болып тіркелді.
baq.kz
Естеріңізде болса, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырған болатын. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді.
Жалақыны өсіруге қанша теңге қажет?
Тәрбиеші, ғалым, орманшы жалақысы
Азаматтық қызметкердің жалақысы көтеріледі
Су саласы қызметкерлерінің айлығы 25%-ға артады
Журналистердің жалақысы өседі
Кеншілер төлемақы алады
2027 жылы кітапханашы мен мұрағат ісі мамандарының жалақысы екі есе өседі