» » Қазақстанда жұмыскерлердің жалақысын көтеру үшін 2,5 трлн теңге бөлінеді

Қазақстанда жұмыскерлердің жалақысын көтеру үшін 2,5 трлн теңге бөлінеді

Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәжілісте "2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Абзал Бейсенбекұлы "Халықтың табысын арттыру бағдарламасын іске асыру үшін келесі жылға 3,5 трлн теңге қарастырылғанын атап өтті.

1,5 миллионнан астам жұмыскердің жалақысын көтеру үшін 2,5 трлн теңге бюджеттен бөлу қарастырылған. Ал өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында 724 млрд теңге бөлінсе, "Ауыл аманаты" жобасы аясында 100 млрд теңге бөлінеді. Мемлекеттік және әлеуметтік қолдау бойынша жүйелі шараларды іске асыруға 378 млрд теңге көзделген.

Сондай-ақ вице-министр 2024 жылға әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар 5,3 трлн теңгені құрайтынын атап өтті. Оның ішінде базалық зейнетақы мен жәрдемақы инфляция деңгейіне, ынтымақты зейнетақы инфляциядан 2%-ке индекстеледі.

"Балалары бар отбасыларды қолдау үшін бала күтімі кезеңі 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды. 2023 жылдан бастап 93 мыңға жуық көпбалалы анаға жәрдемақы көбейтілді. Осы мақсатқа 2024 жылы 93,3 млрд теңге көзделген", – деді Абзал Бейсенбекұлы.

Қаржы вице-министрі әйелдердің зейнеткерлік жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалғанын да айтып өтті. Бұл 150 мыңнан астам адамға қатысты болады. Ол үшін есепті кезеңде 473 млрд теңгеге жуық қаражатты қажет етеді.

stan.kz​​​
11 қыркүйек 2023 ж. 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930