» » 1 маусымнан бастап қазақстандықтардың жалақысы өседі - парламент заң қабылдады

1 маусымнан бастап қазақстандықтардың жалақысы өседі - парламент заң қабылдады

Парламент "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға енгізілген өзгертулерді қабылдады
Парламент мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын арттыруға мүмкіндік беретін заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенат үш жылдық республикалық бюджет туралы заң жобасын тиісті түзетулермен төменгі палатаға кері қайтарған болатын. Өйткені қосымша шығындар ескеріліп отыр. Жаңа мемлекеттік орган – Елбасы кеңсесін құруға (1 миллиард теңге) және жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын арттыруға (37 миллиард теңге) бюджеттен қаржы бөлінеді. 
Мәжілістің жалпы отырысында қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Серік Құсайынов бұл заңға сәйкес қазақстандықтардың жалақысын артатынын атап өтті.
"Сенат енгізген өзгертулер мемлекет басшысының мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын өсіруді 1 шілдеден 1 маусымға жылжыту тапсырмасын орындауға бағытталған. Республикалық шығын көлемін 38 миллиард теңгеге арттыру ұсынылып отыр", - деді мәжіліс депутаты.
Мәжіліс депутаттары сенат ұсынған өзгерістерді қолдап дауыс берді.
Еске сала кетсек, Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының съезінде 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30%-ке, аудандық және облыстық деңгейлерде тікелей халықпен жұмыс істейтін атқарушы органдардың төменгі сатыдағы қызметкерлерінің жалақысын орташа есеппен 25%-ке өсіруді тапсырған болатын.
Кейінірек Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын 1 шілдеден емес, 1 маусымнан бастап көтеру туралы тапсырма берді.




10 сәуір 2019 ж. 1 546 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 230

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930