» » Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы суару кезеңінің барысымен танысты

Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы суару кезеңінің барысымен танысты

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы су шаруашылығы жағдайымен және вегетация кезеңі барысымен танысып, жергілікті диқандармен кездесті.
Жаңақорған ауданының Сунақата ауылдық округінде министр күріш алқаптарының жай-күйімен және тамшылатып суару арқылы көкөніс өсіретін шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты. Сондай-ақ Нұржан Нұржігітов жергілікті шаруаларға су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізудің маңызы туралы айтып берді.
Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы суару кезеңінің барысымен танысты
«Қазіргі жағдайда су үнемдеу технологияларын енгізу – бұл қажеттілік. Министрлік тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелеріне көшу үшін барлық жағдайды жасап жатыр. Лазерлік тегістеу сияқты технологияларға ерекше назар аударылады, бұл әдіс суармалы суды 30%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, лазерлік тегістеуіш сатып алуға субсидиялар егіс алқабы кемінде 200 га болатын шаруашылықтарға ғана төленетін талапты алып тастадық. Осындай жұмыс арқылы Қазақстанның ауыл шаруашылығында бұл технологияны 100% қолдануға қол жеткізгіміз келеді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Былтыр 55 мың гектар күріш алқабын лазермен тегістеудің арқасында Қызылорда облысында 200 млн текше метр су үнемделді. Бұл алқаптардағы орташа өнімділік гектарына 40-55 центнерден 70-80 центнерге дейін өсті.
Сондай-ақ Нұржан Нұржігітов Жаңақорған және Шиелі аудандарының шаруа қожалықтарын суармалы сумен қамтамасыз ететін каналдардағы су сорғыларының жұмысымен танысты.
Қызылорда облысының егіс алқаптарына су беруді жақсарту үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі ирригациялық каналдарда тасымалданатын сорғы қондырғыларын орнату жұмыстарын жүргізді. Барлығы 324 агрегат орнатылды.
Сонымен бірге өңірде бес магистральдық және үш шаруашылықаралық каналдар бойынша кезектесіп су беру жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта облыс бойынша барлық егіс алқабының 98%-ы кезекпен суарылуда.
Вегетация кезеңі басталғалы бері «Қазсушардың» Қызылорда филиалы диқандармен суармалы су беру бойынша 1 015 келісімшарт жасасты. Бүгінде өңірде 120,2 мың гектар жер суарылды, ал су алу 2,766 млрд текше метрді құрайды.
28 шілде 2025 ж. 91 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 275
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 312

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031