» » Ресми құжаттарға апостиль қою

Ресми құжаттарға апостиль қою

Бүгінде жаһандану үрдісі қоғам өмірінің барлық саласына еніп, азаматтардың құқықтық қажеттіліктері ел шекарасынан тыс кеңейіп келеді. Өзге мемлекеттермен заңдық қарым-қатынастар орнаған заманда, шетелге жол тартқан әрбір құжаттың заңды күшін сақтауы – аса маңызды. Осы тұста сот органдарынан берілетін ресми құжаттарға апостиль қою – азаматтардың халықаралық деңгейде өз құқықтарын іске асыруына жол ашатын сенімді құқықтық тетік саналады.
Апостиль – бір мемлекеттің ресми құжатының өзге мемлекетте заңды күшке ие болуын растайтын, арнайы үлгідегі халықаралық мөртаңба. Ол құжаттың түпнұсқалығын, берілген органның заңдылығын, қол қойған адамның лауазымын куәландырады. Апостиль 1961 жылғы Гаага конвенциясына мүше елдердің арасында қолданылады. Қазақстан бұл Конвенцияға 2001 жылы қосылған болатын.
Сот құжаттарына қандай жағдайда апостиль қойылады?
Сот органдары берген сот шешімдері, анықтамалар, үкімдер, сот актілерінің көшірмелері және басқа да ресми құжаттар – апостиль қоюға жататын негізгі құжаттар қатарында. Бұл рәсім, әсіресе, шетелге тұрақты тұруға кетіп бара жатқан, алимент өндіру, асырап алу, неке бұзу, мұрагерлік мәселелермен айналысып жатқан азаматтар үшін өзекті.
Апостиль қою кімге қажет?
– Шетелде жұмыс істеу, оқуға түсу немесе отбасын біріктіру мақсатымен шыққан азаматтарға;
– Құқықтық көмек көрсету аясында шетелдік органға сот шешімін ұсынуы қажет тараптарға;
– Өзге мемлекеттегі жылжымайтын мүлік, банктік шоттар, баланың құқығын қорғау сынды мәселелерде сот шешімдерін пайдаланатын тұлғаларға.
Сот құжатына апостиль қою өтініш берушінің сұранысы бойынша жүргізіледі. Бұл қызметті сот актісін берген органнан немесе Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне қарасты аумақтық органдардан алуға болады. Апостиль – бір беттен тұратын, арнайы үлгіде толтырылған мөртаңба түрінде құжатқа бекітіледі. Қазіргі таңда апостиль қою процесі біршама жеңілдетілген әрі ашық жүргізіледі.
Апостиль – ел абыройы мен азамат сенімінің дәнекері
Сот органдарынан шығатын құжаттар – азаматтық құқықтар мен бостандықтардың қорғалуын дәлелдейтін маңызды заңды негіздер. Сол құжаттарға апостиль қою арқылы еліміздегі сот актілеріне шетелде де сенім қалыптасып, халықаралық құқықтық кеңістікте Қазақстан Республикасының беделі арта түседі. Бұл – еліміздің құқықтық мемлекет ретіндегі жауапкершілігін көрсетеді.
Апостиль – құқықтық қатынастардағы сенімділік пен ашықтықтың символы. Сот органдарынан шығатын әрбір құжат – жеке тұлғаның немесе заңды ұйымның тағдырын айқындайтын маңызды шешім. Ал сол құжаттың халықаралық деңгейде танылуы – Қазақстан сот жүйесінің әділдігі мен заңдылығының дәлелі.
Біз сот саласында жұмыс істей отырып, осындай құқықтық тетіктерді кеңінен пайдалану арқылы азаматтарымызға сенімді құқықтық қолдау көрсетеміз.
Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану – баршамыздың ортақ міндетіміз.
                               
                                                            Жанар Тәжімбетова,
                                                            Байқоңыр қалалық сотының әкімшісінің басшысы
23 шілде 2025 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№54 (10422)

22 шілде 2025 ж.

№53 (10421)

19 шілде 2025 ж.

№52 (10420)

15 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 124
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031