» » ПОЛИГЛОТТАР САЙЫСЫ ӨТТІ

ПОЛИГЛОТТАР САЙЫСЫ ӨТТІ


Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Мен бір жұмбақ адаммын...» атты облыстық полиглоттар сайысы өтті.

Байқаудың мақсаты – өңірде мемлекеттік тіл саясатын ілгерілету, үш тілді меңгерген жастардың тілдік әлеуетін дамыту, Абай Құнанбайұлының шығармашылығын үш тілде насихаттау арқылы тіл үйренудің маңызын арттыру.

«Үш тілде Абайды оқу, түсіну және жеткізе білу – үлкен парасат пен терең ізденісті қажет ететін биік және мәртебелі өнер, - деді іс-шараның алғысөзін алған Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары У.Ибраев.
Қатысушылардың өнерін құрамында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты А.Әбілов, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ағылшын тілі пәнінің оқытушысы, модератор Л.Наурызбаева, Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының орыс тілі оқытушысы Р.Сейлова бар қазылар алқасы бағалады.

Сайыс нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен Арал аудандық спорт және туризм бөлімінің әдіскері Ф.Елеусізова жүлделі І орынды, Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекші маманы Б.Табынбай ІІ орынды, Қазынашылық комитетінің Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаменті мекемесінің бас маманы Ә.Әлиасқаров ІІІ орынды иеленді.

Жеңімпаздарға арнайы диплом, қаржылай сыйақы, қалған белсенді қатысушыларға Алғыс хат, естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, барлық қатысушыға «Абай қарасөздері» кітапшасы берілді.

21 шілде 2025 ж. 135 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 275
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 330

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031