» » Жоғалтпайық қазақ деген халықты

Жоғалтпайық қазақ деген халықты

«Қазақ» дейтін қайсар, дана халықпыз,
Ұрпақ үшін талай шыңға барыппыз.
Заман қиын деп жүргенің далбаса,
Тағдырды біз қолдан жасап алыппыз.
Біздің халық кең пейілді, дарқан тым,
Бәрінен де биік тұрар Тау қалпың.
Ұрпағыңды ұсақтатып жіберген,
Ұмыттырып ойдан қанша сан салтын.

Аттап өткен талай қиын жолдарды,
Бізден мықты ешбір халық болмады.
Ал қазір ше, болашағың бұлыңғыр,
Бұған біздер «әйел» екен кінәлі...
Иә, әйел екен бәріне де кінәлі,
Қалай айтсам, санаң мені ұғады?
Алтын басты әйелдерден қашаннан,
Бақа басты еркек биік тұрады.
Сен еріңді күте алдың ба Ханыңдай?!
Төрдегі орнын көрдің бе оның тағындай.
Жүрегіңді құлыптап сен алғансың,
Сүйген жарың өз еріңе бағынбай.
Еліктедің өміріне шет елдің,
Қадіріне жете алдың ба некеңнің?
Хадистен де түсіндірді емес пе,
Сенің ерің, сенің Пірің екенін.
Жақсы көрші, жақсы қара еріңе,
Сонда сыйлы боласың сен еліңе.
Қазақтың да мақалы бар мәйекті,
Тезек – қапқа, тең жолығар теңіне.
Сен бағыңды бағалай біл барында,
Құр бекерге уайымға салынба.
Қиналсын деп жаратқан жоқ Хақ бізді,
Өмір сүрші сол еріңе бағын да.
Бағынбасаң, бағың – пасық болады,
Өкінгеннен өкпең шерге толады.
Өзімшілдік, пысықтығың не керек?
Пасық ерден – жасық бала туады.
Өмір жайлы ойлайтының тым қысқа,
Байланғансың материалдық тұрмысқа.
Өзің билеп, өзің төстеп жүргенде,
Таң қалмағын еркекшора қыз шықса.

Деймін тағы бәрі осыны ұғынса,
Орныңды біл, сүрші Өмір бұрынша.
Тәңірдің сәл қаһарынан қорықшы,
Жылайсың ғой, науқас бала туылса.
Сәл нәрсеге көңіліңді суытпа,
Асыл ер деп мақта оны, ұлықта.
Өзің қандай болсаң ертең өзіңе,
Сондай келін бұйырарын ұмытпа.
Ақылды әйел үміт етіп, қалайды.
Балаларын бақытына балайды.
Ерін күтіп, үлгі етсе ұрпаққа,
Содан барып, текті ұрпақ тарайды.
Сондықтан да қуансаңыз болады,
Шүкір етсең, кеудең нұрға толады.
Отбасыңның берекесін ойлай біл,
Сонда бақыт өзі барып қонады.
Аналар ғой туар талай алыпты,
Ұстанайық дәл осындай қалыпты.
Кейінгінің келешегін ойлайық,
Жоғалтпайық «қазақ» дейтін халықты.

Гүлнұр БЕКТҰРАРҚЫЗЫ
20 шілде 2025 ж. 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 636
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 406

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031