» » БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

БЮДЖЕТТІҢ ИГЕРІЛУІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА


Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде осы жылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылуы талқыланды. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр
Жаналинов селекторлық режим арқылы қатысты.
Үкімет отырысынан кейін өткен мәжілісте бюджеттің игерілуі, тұрғын үй мәселесіне қатысты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.

«Негізгі макрокөрсеткіштердегі оң динамиканы жыл аяғына дейін сақтап қалу үшін тиісті жұмысты ұйымдастырыңыздар. Республикалық бюджеттен жоспарланған нысаналы трансферттердің толық әрі уақытылы қаржыландырылуын салалық министрліктермен пысықтаңыздар. Ай сайынғы қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес қаржы толық игерілуі керек. Жергілікті бюджеттің салық базасын ұлғайту мәселесі күн тәртібінен түспейді. Сондықтан, аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдіктеріне кіріс көзінің қосымша резервтерін табу жұмыстарын барынша күшейту тапсырылады. Салық түсімдерін, оның ішінде мүлік, көлік, жер салықтарын, айыппұлдар бойынша берешектерді өндіруді жеделдету қажет.
Облыс әкімі тұрғын үйлерде анықталған кемшіліктерді 1 шілдеге дейін қалпына келтіруді тапсырған болатын. Алдағы уақытта қандай да бір кемшілік анықталса, дереу түзетуді қолға алу керек. Кепілді мерзімде кемшіліктерді жоймаған мердігерлерге заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданады», – деді Данияр Еренғалиұлы.

Айта кетейік, 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында өңір экономикасында тұрақты өсім байқалды. Өңдеу өнеркәсібі 17,2%-ға, ауыл шаруашылығы 2,8%-ға, құрылыс жұмыстары 44,5%-ға, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 6%-ға, сауда 5,4%-ға, көлік және қоймалау саласы 0,6%-ға артты. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 21,5%-ға ұлғайды, оның ішінде жеке инвестиция 9,4%-ға өсті.
Биыл өңірге 631,4 млрд теңге инвестиция тарту, 27 жобаны іске қосу жоспарланған. Атап айтқанда, «Aksa Energy» компаниясының жылу-электр орталығы, кірпіш және қиыршық тас зауыттары, айна шығару өндірісі, «Марал Нұр» серіктестігінің жолаушылар вагондарын жөндеу кешені, «Орхун Медикал» медицина орталығы, кондитерлік және макарон өнімдері өндірісі, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру зауыты мен әрқайсысы 2 мың шаршы метрлік екі шағын өнеркәсіптік аймақ.
Құрылысы басталған 14 ірі жобаның қатарында кальциленген сода зауыты, «Шалқия» кен-байыту фабрикасы, көкөніс пен жеміс сақтау және алма шырынын өндіру кешені, «Rixos» бес жұлдызды қонақ үйі, кореялық «WizYou» компаниясының қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауыты, «Seven Rivers» компаниясының бөтелке шығару зауыты бар.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

15 шілде 2025 ж. 91 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930