Құрылтай
» » БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫНЫҢ ИГЕРІЛУІ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА БОЛУЫ ТИІС

БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫНЫҢ ИГЕРІЛУІ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА БОЛУЫ ТИІС


Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілістің күн тәртібінде бюджет қаржысын игеру, суармалы су тапшылығы, санитарлық тазалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы мәселелері талқыланды. Оған қала және аудан әкімдері, сала басшылары қатысты.

“Барлық макроэкономикалық көрсеткіштің орындалуы, бюджеттің, оның ішінде республикалық бюджеттің игерілуіне қатысты ешқандай мәселе туындамауы тиіс. Жоспарға сәйкес қаржы ай сайын толық игерілуі қажет.

Су тапшылығы жағдайында алқаптарды кезектестіріп суару, насостар арқылы қашыртқыдан суару жұмыстарын бақылауда ұстаңыздар.

Өңірдегі туристік аймақтарды, демалыс орындары мен жол бойындағы сервистік нысандарды талапқа сәйкестендіріп, қызмет көрсету
сапасын тұрақты бақылаңыздар.

Әсіресе, демалыс орындары мен рұқсат етілмеген су айдындарында азаматтар мен балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуы керек”,- деді Н.Нәлібаев.

Сонымен қатар, аймақ басшысы қоғамдық-саяси ахуалды қатаң бақылауда ұстауды, санитарлық-тазалық, сенбілік жұмыстарын тұрақты ұйымдастыруды жүктеді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

13 шілде 2025 ж. 197 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31