» » Жаңбыр, бұршақ және аптап ыстық: 14 шілдеде ауа райы қандай болады

Жаңбыр, бұршақ және аптап ыстық: 14 шілдеде ауа райы қандай болады

Ертең, 14 шілдеде Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Болжамға сәйкес, республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл құбылыстар атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты болмақ.
– Елдің солтүстік-батысы, солтүстігі мен шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Шығыста нөсер жаңбыр жауып, екпіні күшті жел соғады. Ал қалған өңірлерде антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, – деп хабарлады “Қазгидромет”.
Сондай-ақ республика бойынша желдің күшейіп, ал Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.
АПТАП ЫСТЫҚ
Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Алматы (батысы мен солтүстігі), Ақтөбе (оңтүстігі) және Ұлытау облыстарында аптап ыстық +35…+39°C дейін көтеріледі.
Түркістан облысында ауа температурасы +40°C, ал Маңғыстау облысында +41°C-қа дейін жетеді.
13 шілде 2025 ж. 410 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30