Құрылтай
» » Қазақтың бойтұмары – домбыра

Қазақтың бойтұмары – домбыра


Ұлттық Домбыра күніне орай Аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде рухани мазмұны бай, тағылымға толы әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.
Кеш барысында Қазақтың домбыра өнері туралы жазылған әдебиеттер таныстырылып, оқырмандар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды.
Кеш барысында Тұрымбет Салқынбайұлы атындағы өнер мектебінің домбыра класының мұғалімі Аққалиев Берік сөз сөйлеп, ұлттық өнердің маңыздылығы мен жас ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы тұшымды ойларымен бөлісті.
Алматы Мемлекеттік консерваториясының студенттері Жақсыбаев Мадияр мен Аманбай Аян домбырамен әсем күйлер орындап, көрермендерді ерекше әсерге бөледі.
Тұрымбетов Ердана Ш.Сүлейменовтің “Ауылым” атты әсерлі әндерін шырқады. Көрермендердің арасынан шыққан домбыра сүйер жандар да сахна төріне шығып, өз өнерлерін ортаға салды.
Домбыра – халқымыздың үні, жүректің сыры, ата-бабадан қалған асыл мұра!

07 шілде 2025 ж. 246 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31