» » Студенттер Түркияда тәжірибе жинауда

Студенттер Түркияда тәжірибе жинауда

Өткен айда Қызылорда облысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Аталған ауқымды шарада облыс әкімі Қызылорда медициналық жоғары колледжінің «Емдеу ісі» мамандығы бойынша фельдшер біліктілігін меңгеріп жатқан 12 студентке шет елде тәжірибе жинақтауға жолдамасын жетекшілеріне табыс еткен болатын.
Бүгінде студенттер Түркияның жетекші медициналық мекемелерінің бірі — «Medicana İnternational Hospital» клиникалар желісінде оқу-өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болды.
Оқу-өндірістік тәжірибенің алғашқы күні студенттерге клиникадағы ішкі тәртіппен, қауіпсіздік талаптарымен және жұмыс жүйесімен таныстыру мақсатында кіріспе оқыту өткізілді.
Студенттерге арнайы клиникалық формалар мен жеке идентификациялық карталар берілді. Осы арқылы олар клиника қызметкерлерімен тең дәрежеде қатысып, түрлі бөлімшелердегі практикалық машықтарын бастауға мүмкіндік алды.
Екі апта бойы олар заманауи медицина жетістіктерімен танысып, шетелдік тәжірибелі мамандардың қасында практикалық дағдыларын жетілдіріп, шетелдік клиниканың жұмыс жүйесімен тереңірек танысады. Тәжірибе барысында олар жедел жәрдем, ішкі аурулар, хирургия, реанимация, мейіргерлік күтім сияқты бағыттар бойынша білімдерін нығайтып, кәсіби көзқарастарын кеңейтеді.
Бұл бастама — болашақ медицина қызметкерлерінің кәсіби дамуына жасалған маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жарқын үлгі.
Жастардың сапалы білім алуына қолдау білдіріп отырған облыс әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлына алғысымызды білдіреміз.
07 шілде 2025 ж. 66 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№55 (10423)

26 шілде 2025 ж.

№54 (10422)

22 шілде 2025 ж.

№53 (10421)

19 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 143
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031