» » СТУДЕНТТЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

СТУДЕНТТЕР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

АУДАНДЫҚ АГРАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ: ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ» АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ. КОНФЕРЕНЦИЯҒА КӨРШІЛЕС ҚАЗАЛЫ, ЖАЛАҒАШ АУДАНДАРЫ, БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫ МЕН АУДАНДЫҚ КОЛЛЕДЖДЕН 10 СТУДЕНТ ҚАТЫСТЫ.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына негізделген шарада студенттер түрлі тақырыпта баяндама қорғады. Оның ішінен ерекше ізденіспен көзге түскен Жазира Нағашыбайдың «Туған жердің тарихын дәріптеген – Толғанбек» тақырыбындағы баяндамасы үздік деп танылды.
Конференция қорытындысы бойынша Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің студенті Жазира Нағашыбай ІІ орынды иеленді. Ал ІІІ орынды Жалағаш индустриалды-аграрлы колледжінің студенті Оразәлі Ақылбекұлы мен Қармақшы аудандық аграрлы-техникалық колледжінің сту­денті Абылай Баймұрзаевтар ен­шіледі. Барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Шара барысында студенттер өзара тәжірибе алмасты. Конференция­да сын-пікірлер де айтылды. Сала мамандары баяндаманың жазылу ережесі талапқа сәй­кес келмейтіндігі, ізденістің аздығы туралы ескертті.
Ұйымдастырушылар бұл шараның ал­­дағы уақытта жалғасы болатынын, ай­тылған сын-пікірден нәтиже шы­ға­ра­тындарына сөз берді.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
28 мамыр 2019 ж. 1 224 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 064
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 728

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031