» » Қазақстандықтар жыл басынан бері «БейнеХҚКО» сервисін 25 мыңнан астам рет қолданды

Қазақстандықтар жыл басынан бері «БейнеХҚКО» сервисін 25 мыңнан астам рет қолданды

«БейнеХҚКО» сервисі мемлекеттік қызметтерге қашықтан жүгінуге мүмкіндік беретін сұранысқа ие цифрлық арналардың бірі. Тек 2025 жылдың басынан бері сервис 25 676 рет қолданылды.
Сервис шалғай елді мекендерде немесе елден тыс жерлерде тұратын азаматтарға, мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ жұмысқа немесе отбасылық жағдайларға байланысты ХҚКО-ға бара алмайтын азаматтарға арналған.
БейнеХҚКО арқылы сұранысқа ие қызметтер: бала туу және оның күтімібойынша жәрдемақы тағайындау,көп балалы отбасыларға және мүгедек адамдарға жәрдемақы тағайындау, соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама алу, сондай-ақ мүгедек адамдарға әлеуметтік қызметтер мен түрлі көмек түрлерін рәсімдеу.
«БейнеХҚКО» сервисін пайдалану қиын емес. Ең алдымен «ЦОН» мобильді қосымшасын (GooglePlay және AppStore арқылы) орнатып, тіркелу қажет. Әрі қарай, қосымшада бейнебайланыс бөлімін таңдап, операторға қосылу керек. Сервис арқылы ХҚКО қызметкері кеңес береді, құжаттарды рәсімдеуге және өтініш беруге көмектеседі жәнеқажет болса оператормен тілдесу терезесі арқылы жүктелген құжаттарды қабылдайды. Егер қызмет ақылы болса, төлем екінші деңгейлі банктың мобильді қосымшасы арқылы онлайн жүргізіледі. Қызметтің нәтижесін бейнеқоңырау барысында немесе кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында алуға болады.
02 шілде 2025 ж. 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 559
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 358

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031