» » МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ СЫР ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ СЫР ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ


Бүгін Достық үйінде Мәдениет және Ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов Сыр жұртшылығымен кездесті. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов ашып, қонақтарға сәттілік тілеп, халықпен ашық әрі мазмұнды диалог болуына тілектестік білдірді.

Айбек Сыдықов Сыр елі - тарихы терең, рухани мұрасы бай, қазақ мәдениетінде айрықша орны бар өңір екенін атап өтті.

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықпен жүздесіп, елді толғандырған мәселелерді бірге талқылап жүрміз. Сыр елі - тарихы терең, мәдениеті бай, рухани қазынасы мол өлке. Бұл жерде халқымызға еңбегі сіңген талай тұлғалар шыққан. Жалпы, Мәдениет және Ақпарат министрлігі мәдениет, ақпарат, жастар және отбасы салаларын дамыту бойынша жүйелі жұмыстар атқаруда. Жаңа мәдени нысандар салынып, ескі нысандар жөнделуде. Архивтер мен музейлер цифрландырылып, ұлттық мұраларымыз ЮНЕСКО тізіміне енгізіліп жатыр. Ақпараттық саясат та күшейіп келеді. Биыл жаңа “Масс медиа” заңы қабылданды. Бұл заң журналистердің мәртебесін арттыруға және отандық медианы қолдауға бағытталған. Жастар саясаты мен отбасылық құндылықтарды нығайту - біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Жастарды жұмысқа орналастыру, баспанамен қамту және олардың идеяларын қолдау үшін көптеген жобалар іске асуда,-деді Айбек Жексенәліұлы.
Кездесу барысында тұрғындар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, вице-министр тарапынан нақты жауап алды.

Кездесу соңында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Асқар Омаровтың арнайы Алғыс хаты Өңірлік коммуникациялар қызметінің қызметкерлері Жәния Төребекова, Каюп Мұхаммедшах, Жадыра Серікқалиева және Нұрбек Рахымбаевқа табысталды. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Баймановтың Алғыс хатына Рахман Динар мен Смағұлова Несібелі ие болды.
28 маусым - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында әріптестеріміздің еңбегі еленіп, марапат төрінен көрінуі - сала мамандарына көрсетілген үлкен құрмет.

27 маусым 2025 ж. 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 640
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 408

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031