» » Кітапхана қызметкерлері шетелде біліктілігін арттырады

Кітапхана қызметкерлері шетелде біліктілігін арттырады

Мәдениет және спорт министрлігі көпшілікке арналған кітапхана қызметкерлерін Анкара қаласындағы Президент Әкімшілігіне қарасты Ұлттық кітапханада біліктілік арттыруға жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлімдеді.
Оқыту шаралары аясында отандық кітапхана мамандары түрік кітапханаларының жұмысымен танысып, тәжірибе алмасады. Атап айтқанда, сирек басылымдар қорымен жұмыс істеу, реставрация тәжірибесі, кітапханадағы ақпараттандыру үрдісі, заманауи библиографиялық шаралар және т.б. бағыттар бойынша біліктілік арттырады.  
Бүгінде қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіп бойынша тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.    
«Мәдениет және спорт министрлігі жыл сайын еліміздің мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің алыс және жақын шетелдерде біліктілік арттыру шараларын ұйымдастырады. Осыған дейін мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың, музыкалық және драмалық театрлардың, костюм бутофориясы мен костюм аксессуарлары қызметкерлерін оқыттық. Бүгінгі күні қазақстандық кітапханалардағы сирек басылымдармен жұмыс істейтін және реставрация мамандарының біліктілігін арттыру аса маңызды болып отыр», деді Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.
30 наурыз 2023 ж. 399 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№11 (10479)

09 ақпан 2026 ж.

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 378
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 234

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728