» » БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ


Қала әкімі Нұржан Ахатов кадрлық өзгерістерге байланысты өткен актив отырысында қалалық құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің басшыларын таныстырды.

Бірыңғай конкурстық комиссияның қорытындысы негізінде қала әкімінің өкімімен Файзуллаев Жеңісбек Исламұлы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Жеңісбек Исламұлы 1992 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін 2014 жылы «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Қызылорда қалалық құрылыс бөлімінде маман ретінде бастаған.
2015-2022 жылдары Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында бас маман,
2022-2024 жылдары Сырдария ауданы мен Қызылорда қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің,
2024 жылдан бастап қалалық құрылыс бөлімінің басшысы қызметтерін атқарып келді.

Ал, бұған дейін осы бөлімге жетекшілік жасаған Мақсат Өмірбекұлы «Қызылорда тазалығы» кәсіпорнының директоры болып тағайындалды.

Сонымен қатар, бірыңғай конкурстық комиссияның қорытындысы негізінде қала әкімінің өкімімен Әнуар Айдын Серікұлы қалалық құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Айдын Серікұлы 1990 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 2014 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Құрылыс» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2008 жылы жеке құрылыс мекемесінде техник-жобалаушы болып бастап, әр жылдары бас инженер, директор қызметтерінде болған.
2020-2024 жылдары Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы, облыстық жұмылдыру басқармасының «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығының» басшысы, Қызылорда қалалық құрылыс бөлімінің басшысы, 2024 жылдан бастап Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.

10 маусым 2025 ж. 197 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930