» » Жаңа қызметке тағайындалды

Жаңа қызметке тағайындалды


Қала әкімі Нұржан Ахатовтың өкімімен қала әкімінің орынбасары лауазымына Қарымсақов Қанат Бекболатұлы тағайындалды.

Шаһар басшысы жаңа орынбасарын кадрлық өзгерістерге байланысты өткен актив отырысында таныстырды.
«Қанат Бекболатұлы – сізге жауапкершілік жүгі ауыр салаларға жетекшілік ету сеніммен тапсырылып отыр. Жаңа қызметіңізге сәттілік тілеймін!», – деді қала әкімі.

Қанат Қарымсақов 1983 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы «Тұран Газ» серіктестігінде жұмысшы болып бастаған.
2009-2022 жылдары «Байқоңыр газ», «Қызылорда газ» серіктестіктерінде бас директор қызметтерін атқарды.
2022 жылдан бастап «Жаңа құрылыс-2022» серіктестігінің құрылтайшысы болған.

Қанат Бекболатұлы құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы бөлімдеріне жетекшілік жасайды.

Сонымен қатар, актив отырысында шаһар басшысы Қызылорда қаласы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас инспекторы Сақпенбетова Жанар Қуанышбайқызының зейнет демалысына шығуына орай Қызылорда қаласының ең жоғарғы марапаты «Құрмет» грамотасын табыстады. Жанар Қуанышбайқызы Қызылорда қаласы әкімдігінде 30 жылға жуық еңбек еткен.

Қызылорда Қаласының Әкімдігі 


28 мамыр 2025 ж. 243 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 120

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930