» » Қала әкімінің орынбасары тағайындалды

Қала әкімінің орынбасары тағайындалды

Фото: Қала әкімдігі
Бүгін қала әкімі Серік Қожаниязовтың төрағалығымен өткен кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысында жаңадан тағайындалған қала әкімінің орынбасары таныстырылды. Қала әкімінің өкімімен Кентугаев Айдос Зейнуллаұлы қала әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
«Айдос Зейнуллаұлы – Алматы мен Түркістан қалаларының сәулеттік дамуына үлесін қосқан жоғары дәрежелі сәулетші. Қала құрылыс және сәулет саласында жинаған мол тәжірибесі бар. Іскер басшы ретінде өз жұмысын ұтымды үйлестіретініне сенемін»,-деді қала әкімі. Айдос Зейнуллаұлы 1986 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жоғары білімді.
2005-2008 жылдары аралығында Қазақ Бас сәулет және құрылыс Академиясында «Сәулетші», 2011-2013 ж.ж Орталық Азия университетінде «Заңгер», 2014-2015 жылдары осы оқу орнының «Өнеркәсіптік және Азаматтық құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген.
2015-2016 жылдары Қазақ Бас сәулет және құрылыс Академиясында «Сәулетші» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.
2017-2019 жылдары Қазақ Ұлттық аграрлық университетінде «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша оқыған.
Еңбек жолын 2006 жылы «Проектный Центр» ЖШС 1-ші дәрежелі сәулетші болып бастаған;
2009-2012 ж.ж «Алматы қала құрылыс кадастры» мекемесінің жетекші сәулетшісі;
2012-2018 ж. ж. құрылыс және сәулет саласымен айналысатын жеке мекемелерде басшылық қызметтер атқарған;
2018-2019 ж.ж «АлматыБасЖоспар» ғылыми-зерттеу институты» директорының орынбасары;
2020-2023 ж.ж Түркістан қаласының архитекторы, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарды.
Айдос Зейнуллаұлы құрылыс, сәулет және қала құрылысы, ауылшаруашылығы және жер қатынастары салаларына жетекшілік ететін болады.
syrboyi.kz
18 қаңтар 2024 ж. 469 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 393
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 184

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930