» » Танымдық экскурсия өткізілді

Танымдық экскурсия өткізілді

2025 жыл – Қазақстанда "Жұмысшы мамандықтар" жылы деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай, өскелең ұрпақтың бойында еңбекке деген құрметті арттыру, болашақ кәсібін дұрыс таңдауға бағыт беру мақсатында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Жаңажол ауылдық округіндегі «Жаңажол шаруашылығына» танымдық экскурсия өткізілді.

Экскурсия барысында қатысушыларды "Жаңажол" ЖСШ директоры Төлепов Орынбасар Өтепұлы өзі күтіп алып алма бағына барып, бау-бақша шаруашылығының қыр-сырымен таныстырды. Жастар еңбек адамдарының тынымсыз тіршілігін көзбен көріп, бау-бақша күтімі, жеміс ағаштарын өсіру және өнім жинау секілді жұмыстардың маңыздылығына қанықты.

Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтарының сан қырлы бағыттары туралы пайдалы мағлұмат алып, кәсіби бағдарға қатысты мол тәжірибе жинады.

Бұл танымдық сапар жастардың бойында еңбекке деген сүйіспеншілікті арттырып, «Еңбек – бәрін жеңбек» деген қағиданың өміршеңдігін тағы бір дәлелдеді.

05 маусым 2025 ж. 180 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930