» » Ең арзан ұялы байланыс тарифтері

Ең арзан ұялы байланыс тарифтері

Биыл сәуір айында елдегі инфляцияның айтарлықтай өскенін байқадық. Тауар мен қызметтердің барлығы дерлік қымбаттады. Осы ретте мобильді байланыс қызметінің құны да бір жылда 19,5% өсті. Тарифтердің көтерілуі инвестиция қажеттілігіне байланысты туындады, деп хабарлайды Finprom.kz.

Дегенмен баға өскеніне қарамастан, мобильді байланыс нарығында ең қолжетімді тарифтер мен шарттар бар. 
Қазір Қазақстанда 3 ұялы байланыс операторының 7 брендінің, атап айтқанда – Altel, Tele2, Kcell, Aktiv, Beeline байланыс қызметтерін, сонымен қатар виртуалды IZI және ForteMobile банктік қызметін пайдалана аламыз. Біз осы брендтердің тарифтерін талдап, ең арзан ұсыныстар мен шарттар туралы ақпарат дайындадық.
Ең жақсы бағаны Gold тарифі бар ForteMobile ұсынып отыр. Тарифке:
– 17 ГБ мобильді интернет;
– желі ішінде және Beeline-ға тегін қоңыраулар;
– басқа операторлардың нөмірлеріне 170 минут;
– сонымен қатар 50 SMS кіреді. 
ForteApp қосымшасын пайдаланатындарға бұл топтаманың құны айына 2500 теңгеден болады. Ол үшін бар болғаны мобильді қосымшаны жүктеп алып, жүйеге айына бір рет кірсеңіз болғаны. Ал қосымша болмаса пайдалану құны 4500 теңгені құрайды.
Қазір Forte-де науқан болып жатыр. Нөміріңізді ForteMobile желісіне ауыстырсаңыз, тарифтік шарттарға алғаш қосылғанда байланыс пен интернет қызметін 2 ай тегін пайдалана аласыз. Яғни бір рет 2500 теңге төлеп, 3 ай тиімді байланыста боласыз. Науқан 30 маусымға дейін созылады. Бар болғаны нөміріңізді ForteMobile желісіне ауыстырасыз, ал нөмер өзгермейді. Ұсыныс Gold және Platinum тарифтері үшін жарамды. НауқанAltel, Tele2, Activ, Kcell нөмірлерінде қолжетімді. 
Тарифтері ең төмен операторлар құрамына тағы бір виртуалды оператор қосылды. IZI-дің 2690 теңгеден (ULTRA тариф) басталатын ең төменгі тарифі бар. Оған 30 ГБ интернет және басқа операторлардың нөмірлеріне 100 минут қоңырау шалу кіреді. 
Altel, Activ, Beeline, Tele2 және Kcell-де ең төмен баға тарифтері 4000 теңгеден басталады. 
Жалпы, биыл сәуір айының аяғында Қазақстанда 26,4 миллион ұялы байланыс абоненті тіркелген. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 4,2% артық. 
Оған қоса интернетке қосылған ұялы байланыс абоненттерінің саны 19,1 миллионға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3% көп.
28 мамыр 2025 ж. 143 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 276
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 499

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031