» » Қазақстанда ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды

Қазақстанда ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап. 

Агенттік абоненттердің бағаны көтеру туралы өтініштерін қарау аясында биыл тарифтік жоспарлардың шарттары мен ұялы байланыс қызметтеріне бағаның өзгеру динамикасын талдады. 2023 жылы ұялы байланыс операторларының тарифтік жоспарлары бойынша бағаның 7,7 пайыздан 57,3 пайызға дейін айтарлықтай өсуі тіркелгені анықталды.

Осылайша, 2023 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында ғана ұялы байланыс операторлары өздерінің ресми сайттарында ақпаратты жариялап, ай сайынғы абоненттік төлеммен 30-дан астам тарифтік жоспарда көрсетілетін қызметтердің құнын бірінен соң бірі көтерген.

Осыған байланысты, Кәсіпкерлік кодекстің 199-бабының 3-тармағын ескере отырып, бір күнтізбелік жылда бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттердің белгілерін қайта анықталуына байланысты Агенттік Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы бойынша қазіргі уақытта "Кселл" АҚ, "МТ–С" ЖШС (Tele2/Altel) және "Кар-Тел" ЖШС (Beeline) ұялы операторларына қатысты тергеп-тексеруді бастады.

Одан бөлек, бұған дейін Агенттік ұялы байланыс операторларының бір минуттық сөйлесулердегі қоңыраулардың құнын және тарифтік жоспарлардағы бір SMS-ті белгілеу жөніндегі әрекеттерінде (көрсетілген қызметтердің бір бірлікке тарифтелуі көзделген) бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдардың белгілерін (Кәсіпкерлік кодекстің 170-бабы) анықтаған болатын.  Осыған байланысты ұялы байланыс операторларына бағаны негізді төмендету жолымен анықталған белгілердің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберілді.

Ұялы операторлар хабарламаны белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда, агенттік тергеп-тексеру жүргізу туралы да шешім шығарады.

27 желтоқсан 2023 ж. 166 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 617
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930