» » ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ АРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҚАРСЫ ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ АРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ ЗИЯНКЕСТЕРГЕ ҚАРСЫ ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ


ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Арал ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде осы ауданда қолға алынған ерекше қауіпті зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарымен танысып, жедел штаб отырысына қатысты.
«Қызылорда облысы бойынша 60 мың гектар аумақ зерттелді. Оның 18 мың гектарын химиялық өңдеу қажет. Қазіргі таңда 11 700 гектар жер өңделді. Бұл жұмыстың барынша тез аяқталуын және сапалы орындалуын жеке бақылауымда ұстаймын», – деді министр.
Мамырдың 26-сындағы жағдай бойынша, облыста үйірлі шегірткеге қарсы күрес жүргізілуде. Жоспарланған 19,654 мың гектардың 11,706 мың гектары өңделіп үлгерді. Зиянкестерге қарсы күреске 4 жеңіл ұшақ, 2 аса жеңіл ұшақ, 12 жерүсті агрегат, 5 дрон және 45 арқаға асылатын бүріккіш құрал қолданылуда. Өңдеуге жататын болжамды жалпы аумақ 60,024 мың гектарды құрайды. Жоспарланған алаңдар бойынша жеткізуші ұйымдармен келісім-шарт жасалған.
Үйлестіру жұмыстарын жүргізу үшін облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов басқаратын жедел штаб құрылды. Мұндай штабтар барлық ауданда жұмыс істейді. Жергілікті жерлерде мониторинг пен бақылауға 279 маман тартылған. Бүгінгі күнге дейін 474,1 мың гектар жер зерттеліп, үйірлі шегірткенің дернәсілдері анықталды. Дегенмен, ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келгені тіркелген жоқ.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

27 мамыр 2025 ж. 151 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 640
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 408

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031