» » ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Е.Мендалиев аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының, кент, ауылдық округтердің сондай ақ, бөлімдер мен мекеме, кәсіпорын жастарымен кездесіп, Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің ерекшеліктері мен кезеңдерінің талаптарына түсіндірме жүргізді.

Департамент басшысы Президенттік жастар кадр резерві – егемен еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосам деген жастарға мүмкіндік беретін бірегей жоба екендігін айта келе, жобаның негізгі мақсаты - дарынды, бастамашыл, жаңаша ойлайтын жастарды мемлекеттік басқару ісіне тарту екендігін атап өтті. Кездесу соңында аталған іріктеуге қызығушылық танытқан жастардың сұрақтарына тұщымды жауаптар берілді.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Ш.Сыдықов қорытындылап, ел мүддесіне қызмет етемін деген белсенді жас азаматтарды Президенттік жастар кадр резервіне қатысуға шақырды.

Айта кетейік, іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімді және 5 жыл жалпы жұмыс өтілі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

23 мамыр 2025 ж. 436 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 123
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031