» » Қазақстанда жазда ауа райы қандай болады?

Қазақстанда жазда ауа райы қандай болады?

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елімізде биылғы жазда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, маусымда Қазақстанның басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы қалыпты деңгейде болады: солтүстікте және орталықта 17-20 градус, батыста 23-25 градус шамасында. Ал оңтүстік-батыс пен еліміздің қиыр оңтүстігінде ауа райы әдеттегіден ыстық болады: жазық өңірлерде орта есеппен 24-28 градус, ал ең жоғары температура 45 градусқа дейін жетуі мүмкін.
Батыс пен солтүстік-шығыста жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде болады деп күтілсе, басқа аймақтарда жауын-шашын мөлшері негізінен нормадан аз болады.
"Шілдеде ауа температурасы қалыпты деңгейде болады, тек шығыс пен оңтүстік-шығыста климаттық нормадан 1 градус жоғары болады деп күтіледі. Жауын-шашын мөлшері негізінен көпжылдық нормалар шегінде болады, тек еліміздің қиыр солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын мөлшері нормадан артық болады", – деді Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында.
Тамыз және қыркүйекте мол жауын-шашын күтілмейді. Ауаның орташа айлық температурасы еліміздің басым бөлігінде климаттық нормадан 1 градусқа жоғары болады.
Министр жазға арналған бұл болжамның алдын ала жасалғанын, ол әлі де нақтыланып, толықтырылатынын атап өтті.
13 мамыр 2025 ж. 410 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 802

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930