» » Ел мен ердің жеңісі

Ел мен ердің жеңісі

Адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған Ұлы Жеңіс күніне биыл 80 жыл. Өшпес даңқ пен қайсарлықтың, Отанға деген сүйіспеншілік пен жанқиярлық ерліктің үлгісіне айналған Жеңіс күнін аудан жұртшылығы да атап өтті.
Аудандық «Тағзым» алаңында салтанатты шара өтіп, оған аудан әкімі Жандос Еркінбек, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, мекеме, кәсіпорын басшылары, жастар және аудан тұрғындары қатысты.
Майданда қаза болған жауынгерлерге тағзым етіп, гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздік жарияланды. Мемлекеттік Гимн орындалып, тарихи ерлік пен ел бірлігіне құрмет білдірілді. Салтанатты ісшараның алғы сөзі аудан әкіміне берілді.
– Баршаңызды Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі күн жай ғана тарихи күн емес, бүгінгі күн – атабабаларымыздың қан мен терімен келген Жеңіс күні. Әрбір азамат бұл Жеңіс күнінің бағасын білуі тиіс. Біздің ауданымыздан Ұлы Отан соғысына 5000-ға жуық азамат аттанып, оның ішінде 500-і ғана аманесен елге оралған. Солардың ішінде жерлесіміз Тәйімбет Көмекбаевтың ерлігін ерекше атауға болады. Оның ерлігі – тек ауданның ғана емес, барлық қазақ елінің мақтанышы. Осы мереке қарсаңында облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Ырзақұлұлының қатысуымен батыр бабамызға арнап мемориалдық тақта ашылды. Мұның барлығы – соғыста қаза тапқан ел ерлеріне бүгінгі ұрпақтың құрметі. Соғыс майданында қан кешіп жүрген азаматтармен бірге біздің ата-әжелеріміз де күннің ыстық-суығына қарамай еңбек етіп, майдан даласына қажетті дүниелерді түгендеп, жөнелтіп отырды. Олардың барлығы Жеңіс күнін жақындату үшін аянбай еңбек етті. Қанша уақыт өтсе де бұл күннің мән-мазмұны ешқашан жойылмайды, себебі оның құндылығы ғасырлар бойына жаңа, жас ұрпаққа өсиет боларлық қадір-қасиетке ие. Ұлы Жеңіс күнінде баршаңызға ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, еліміз бен жерімізге бейбіт өмір тілеймін, – деді аудан әкімі Жандос Еркінбек.
Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының орындауындағы патриоттық әндермен жалғасты. Кешегі тарихын ұмытпаған елдің ғана болашағы жарқын болады. Бүгінгі бейбіт күнге жеткізген майдангерлеріміздің ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
11 мамыр 2025 ж. 278 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10403)

13 мамыр 2025 ж.

№34 (10402)

10 мамыр 2025 ж.

№33 (10401)

06 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 747
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031