» » АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ТІЛЕУБЕРГЕН ТОБАБЕРГЕНОВТІ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ТІЛЕУБЕРГЕН ТОБАБЕРГЕНОВТІ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ


Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Тілеуберген Тобабергеновті Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап, құрмет көрсетті.
Ардагерге Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау хатын табыстап, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін тақты. Иығына шапан жауып, сый-сияпат жасады.
Бүгінде 101 жасқа толған қарт майдангер 1942 жылы Қызыл әскер қатарына қосылған. Беларусьті, Польшаны, Чехословакияны, Кёнигсбергті азат етуге қатысқан. Ұлы Жеңісті Берлинде қарсы алып, елге 1947 жылы оралған. Теміржол саласында зейнетке шыққанға дейін еңбек еткен.
І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», Жеңістің мерекелік және Г.Жуковтың естелік медальдарымен марапатталған.
Биылғы мерейлі жылда Мемлекет басшысы ауыр кезеңді бастан өткерген майдангерлерге құрмет көрсетуді, аға буынның өшпес ерлігін ұрпаққа ұлағат етуді тапсырды. Өйткені олардың отаншылдығы мен жанқиярлығы – үлгі-өнеге. Жеңіс күнін атап өтудің аймақтық іс-шаралар жоспарында осының бәрі ескерілген. Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, оларға теңестірілген ардагерлер мен соғыс жылдары кемінде алты ай еңбек еткен тыл ардагерлеріне төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері жыл сайын артып келеді.
Бүгінде Қазалы және Сырдария аудандарында 2 ҰОС ардагері тұрады. Қарт майдангерлерге лайықты құрмет көрсетілді. Тыл еңбеккерлері, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер мен мүгедектерінің төлемі 40 АЕК-тен 50 АЕК-ке ұлғайтылды.
Келешек ұрпақтың бейбіт өмірі үшін күрескен жандарды ұлықтау шаралары одан әрі жалғаса бермек.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

10 мамыр 2025 ж. 314 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 121

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930