» » Сыр өңірінде соғыс ардагеріне пәтер табысталды

Сыр өңірінде соғыс ардагеріне пәтер табысталды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Ұлы Отан соғысының ардагері Тілеуберген Тобабергеновтің үйіне барып, ақсақалдың хал-жағдайын білді.
Аймақ басшысы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаевпен бірге абыз ақсақалды 100 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, Сыр жұртшылығы атынан 3 бөлмелі пәтер сертификатын табыстады. Жаңа баспана Қазалы ауданында салынған екі пәтерлі үйлерден берілді.
Майдангер өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, береке-бірлік бар жерде ғана істің алға басатынын айтты. Ел азаматтарына ақ батасын берді.
Ғасыр жасаған қарт Тілеуберген Тобабергенұлы Қазалы ауданының №2 ауылдық кеңесіне қарасты Жамбыл колхозында 1924 жылы дүниеге келген. 1942 жылы майданға алынып, 291-атқыштар полкі құрамына жіберілген. Беларусьті, Польшаны, Чехословакияны, Калининград қаласын жаудан азат етуге қатысқан. Бас қолбасшының «Алғыс хатын» алып, «Кенигсберг қаласын азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталды.
©️Облыс әкімінің баспасөз қызметі
12 қаңтар 2024 ж. 392 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30