» » Соғыс ардагеріне құрмет көрсетті

Соғыс ардагеріне құрмет көрсетті


Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесінде облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтағы барлық соғыс ардагеріне барып, Президент атынан құттықтап, құрмет көрсетті.

Аймақ басшысы қазалылық майдангер Тілеуберген Тобабергеновтің отбасында болып, майданда көрсеткен ерлігінің өскелең ұрпаққа өнеге екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, бұл құрмет бір күнмен шектеліп қалмайтынын, олардың ерлігі әрдайым дәріптелетінін жеткізді.
«Сіздің неміс басқыншыларынан Белоруссия, Польша, Чехословакия, Калининград қалаларын азат етуге қатысып, Ұлы Жеңісті Берлинде қарсы алып, елге оралғаныңызды білеміз. Отты жылдары жанқиярлықпен көрсеткен ерлігіңіз ешқашан ұмытылмайды. Ел басына күн туған сұрапыл соғыс жылдары адам төзгісіз қиыншылықтарды қайыспай көтеріп, елдің қорғаны болғандарыңыз үшін Сізге бас иеміз», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.Мерейлі күнде майдангердің иығына шапан жабылып, арнайы сыйлық табысталды.Соғыс ардагері Тілеуберген Тобабергенов ақ батасын арнап, елді бірлікке шақырды
10 мамыр 2022 ж. 535 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 290
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 164

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031